9 мамыр күні еліміз Ұлы мереке - Ұлы Отан соғысының Жеңіс күнінің 71 жылдығын тойлатты. Бұл әр отбасы үшін ерекше күн, өйткені әр отбасында Жеңіс күнін жақындатқан фашистік басқыншылардан қорғаған жауынгерлер немесе зауыт пен фабрикаларда, колхоз далаларында еңбек еткен тыл еңбеккерлері бар.
Жеңіс күнінің құрметіне Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері бейбіт аспан сыйлаған жеңімпаздарымызды құрметтеді және Ұлы Отан соғысы мен тыл еңбеккерлерінің ардагерлеріне барып, оларды мерекелерімен құттықтай отырып, оларға ризашылықтары мен денсаулық және амандық тіледі.
Олардың арасында Бірінші Балтық жағасындағы майдан құрамында ерлікпен шайқасқан -Ұлы Отан соғысының ардагері танкист, Қызыл Жұлдыз орденінің кавалері, 92 жастағы Виктор Александрович Соколов бар. Соғыс жылдарында көрсеткен батылдығы мен ерлігі үшін ол Қызыл Жұлдыз орденімен, «1941-1945жж. Ұлы Отан соғысы жылдары Германиядағы жеңісі үшін» медальдармен және тағы да басқа марапаттармен марапатталған.
Бейбіт уақытта зейнетке шыққанға дейін Семей әуежайында механик болып жұмыс атқарған. Тыл еңбеккерлері-Жунусов Ахмет, Нургазина Масара, Зайнутдинова Резида және олардың тағы да басқа замандастары Ұлы Отан соғысы жылдары тылда жұмыс істеген. «Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін!»- міне олардың осындай ұрандары болған. Олардың әрқайсысы еңбегімен Жеңіс күнінің тууына өз үлесін қосқан. Ұлы Отан соғысы жылдары атқарған қажырлы еңбектері үшін олар медальдармен марапатталған.
«Өз өмірінде менің атам- Жунусов Ахмет көп қиыншылықтарды басынан өткерді. Бес жасында жетім қалып, басқа отбасында тәрбиеленді. Соғыс жылдары және соғыстан кейінгі ауыр жұмыстар, аштық, күйзеліс-міне осының бәрін басынан кешірді. Бірақ, осындай ауыр өміріне қарамастан, ауыртпашылық Ахмет атаны жеңген жоқ. Ол өз өмірінде көптеген жетістіктерге жетті, оның өмірі ақыл мен қайырымдылыққа толы» - деп, Экономикалық тергеу қызметінің бөлім басшысы Асхат Жунусов өз ойымен бөлісті.
«Біздің отбасы әрқашанда 9 Мамыр-Ұлы Жеңіс мерекесін тойлатады. Осы күні біз тыл еңбеккері, ШҚО Ұлан ауданының атақты мұғалімі және ақыны апамыз Нургазина Масараны құттықтаймыз. Осы жылы ол 88 жасқа толды. Ол «1941-1945жж. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қажырлы еңбегі үшін» медальімен марапатталған. Ол өте ақжарқын, бауырмал, қамқоршыл адам»-деп, Масара апаның немересі ЭТҚ қызметкері Ерлан Кудайбергенов ерекше жылылықпен айтты. Ардагерлерге гүлдер мен естелік сыйлықтар және ақшалай көмек көрсетілді. Және бұл- жеңімпаз-ұрпақтар өкілдеріне қазіргі ұрпақтар тарапынан көрсететін құрмет пен үлкен ілтипаттың тек қана бір бөлшегі. Ұлы Жеңіс мерекесінің қарсаңында ШҚО бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері Өскемен қаласының Даңқ мемориалының Мәңгілік алауына Ұлы Отан соғысы жылдары майдан даласында қаза тапқандардың құрметіне, веноктар мен гүлдер қойды.Әкелеріміз бен аталарымыздың майдан даласында көрсеткен ерліктері мен олардың тылдағы қажырлы еңбектері, туған жеріне деген сүйіспеншіліктері біздің жүрегімізде әрқашан сақталады.
ШҚО бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметі