Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде (әрі қарай-Департамент) 2016 жылдың 06 мамырында Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбеккерлері мен Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көсетілді. Кездесуді Департаменттің басшысы Айнабеков Бауыржан Казбекович ашты.
Б.К.Айнабеков құттықтау сөзінде Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне: «Біз осы жылы Ұлы Отан соғысының Жеңіс күнінің 71 жылдығын тойлатқалы отырмыз. Осы мереке қарсаңында Сіздерге құрметті ардагерлер «жеңімпаз- батырлар ұрпақтарына» өзімнің ризашылығымды білдіргім келеді, Сіздер Ұлы Отан соғысының сынағынан өтіп және тылда абыроймен еңбек атқардыңыздар. Сіздердің барлық жауынгерлік ерліктеріңіз жас ұрпақ үшін үлгі болады деп сенемін». Әрі қарай, Департаменттің әлемдік дағдарыс кезіндегі жеткістіктері туралы айтып өтті.
«Салық қызметі органдарының ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Нугманов Слямгазы Балагазович ардагерлерге алғыс және құттықтау сөзін арнады. Оның жоғары кәсіпқойлық және өмірлік тәжрибесі тек қана облыстың мемлекеттік кірістер органдарының ғана емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасының қызметкерлері үшін де үлгі болуда.
Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңындағы ардагерлерге құрмет көрсету-бұл жыл сайынғы Департамент пен оның аумақтық бөлімшелерінің игі дәстүрі.
Қонақтарға мерекеге арналған гүлдер мен базарлықтар берілді.
Кездесуге келген қонақтар үшін Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ведомстволық мұражайына экскурсия ұйымдастырылды. Ол жерде әр ардагер салық қызметі мен қаржы органдарының ұзақ жылдарғы құрылу тарихын естеріне алды. Кездесудің салтанатты бөлігі аяқталғаннан кейін ардагерлер мерекелік дастарханға шақырылды. Жылы ниетті және достық жағдайда ардагерлер соғыс жылдарындағы әндерді естеріне алып, ән шырқады.
Іс-шара ардагерлер мен Департамент қызметкерлерінің ұжымдық суретке түсумен аяқталды.
ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті