Date of publication: 04.05.2016 09:09
Date of changing: 21.10.2019 15:35

Қазақстандағы жария етудің мақсаттары, мүмкіндіктері, жария ету субъектілеріне кепілдіктер, мүлікті, соның ішінде ақша қаражаттарын, бағалы қағаздарды көлеңкелі экономика айналымынан шығару мүмкіндігі жайлы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының табыстары мен мүліктерін жалпыға ортақ декларациялауға дайындық туралы, 2016 жылдың 22 сәуірінде өткізілген брифинг барысында Риддер қ. бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының   басшысы Бауыржан Мысаевич Бабышев мәлім етті.

Аса назарды ақшаны жинақтау шотында сақтаусыз, ағымдағы шотқа аударып, немесе аударусыз, бірақ онда 10%-дық алым төлеп, мемлекеттік кірістер басқармасына арнайы декларация тапсыру арқылы жария ету процедурасының жеңілдетілгеніне аударылды. «Өзгерістер мүлікті заңдастыруда да енгізілді», -деді Б. Бабышев. «Егер, бұрын шет елдегі мүлікті заңдастыруда құндық бағаны растатйтын құжат талап етілсе, қазірде жария ету субъектісі мүлік құның өзі анықтайды».

Басқарма басшысы Бауыржан Мысаевичтың айтуынша, бүгінгі күні шет елдегі мүлікті және ақшаны заңдастыруға өтініштер басқармаға түскен жоқ. Әкімдіктегі Комиссияға тіркелмеген мүлікті жария етуге 38 арыз түсті. Оның 24 заңдастырылып, 9 қайтарылды, 5 қарастырылуда.     

«Есте сақтау жөн, осы акция аяқталған соң шетелдегі шоттар мен жылжымайтын мүлік бойынша ақпарат толығымен тексеріледі. Бұл мәселе бойынша жеке нормативті-құқықтық актілерге елеулі өзгерістер енгізілетін болады, соған байланысты берілген мүмкіндікті тез арада барынша пайдаланып, салдарынан қорықпай, мүлік пен капиталды жария етуге шақырамын» - деп Бауыржан Мысаевич Бабышев  брифингті қорытындылады.