Date of publication: 29.04.2016 11:49
Date of changing: 21.10.2019 15:35

2016 жылдың 5 сәуірінде ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшылығымен ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен жүргізілетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі бойынша кеден бекеттері және аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының басшыларымен аудио-байланысы бойынша кезекті селекторлық кеңес жүргізілді.   

Өз сөзінде Департаменттің Ішкі қауіпсіздік басқармасының басшысы Рахимов Жанғазы Зекенович ҚР ҚМ МКК Төрағасымен жүргізілетін жемқорлыққа қарсы саясатының орындалуын басымдылыққа алу қажеттілігін бірінші кезекке қою керектігін, 2015-2025жылдарға Қазақстан Республикасының жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі міндеттері мен  мақсаттарын назарларына жеткізді. Осыған байланысты, мемлекеттік кірістер басқармалары мен кеден бекеттерінің басшыларына басқаруындағы бөлімшелерге бақылауды күшейту, лауазымды тұлғаларымен заңнамаларды сақтау бойынша шаралар қолдану, сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары және салық төлеушілердің заңды мүдделері мен конституциялық құқықтарын бұзуға жол бермеу тапсырылды.                         ШҚО бойынша МКД лауазымды тұлғалары тарапынан болған заңсыз әрекеттермен (әрекетсіздікке) кезіккен жағдайда, Сіздер келесі «сенім телефондарына» хабарласуларыңызға болады:                                                    

- ШҚО бойынша МКД Ішкі қауіпсіздік басқармасы-8 (7232) – 244432;

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті- 8 (7232) - 701048;      Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу басқармасының кезекшілік бөлімі-8 (7232) - 240605, 245711 (тәулік бойы).

 

ШҚО бойынша МКД Ішкі қауіпсіздік басқармасы