Date of publication: 26.04.2016 14:53
Date of changing: 21.10.2019 15:35

Жария ету айналым алуда! Зырян ауданында Әкімдіктегі Комиссияға құндық бағасы 884млн.теңгеден жоғары тіркелмеген мүлікті заңдастыруға 287 арыз түскен. Оның құны 645 млн. сомадан асатын 226 объект  заңдастырылды. Ол туралы 21 сәуір күні өткізілген брифинг барысында Зырян ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Ержан Мырзаханұлы Шәкенов мәлім етті.

«Адамдарға жария етуден, жинақтар мен мүліктің қалай пайда болғаны туралы сұрақтардан қорқудың керек еместігін түсіну қажет. Кепілдіктер мен рақымшылқ беретін осы Жарна шеңберінде Заңның жеңілдетілген нормаларын пайдаланып, заңды түрде пайда болғаның дәлелдей алмайтын мүлік пен ақшаны заңдастыру қажет», - деп хабарлады брифинг барысында Ержан Мырзаханұлы.  

Оның айтуынша, осы Жарнаның насихатталуына және жарықтандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, басқармаға ақшаны және шет елдегі мүлікті жария етуге жүгінулер түспепті. Дегенмен, жария ету туралы Заңның арқасында және мемлекетпен берілген мүмкіндіктің көмегімен қазіргі уақытта 12 коммерциялық объект жария етілді, оның 4-уі бойынша құндық баға                87 млн. теңгені құрады. Осы мүмкіндікті пайдаланған тұлғалар Заңды айналып өткен жоқ және рәсімдеу үшін жылдамдату жолдарын іздеген жоқ, олай дейтінім,  бір объектіні заңдастыру үшін бірнеше мекемелерге жүгіну  қажет, онда әр қайсының өз қарастыру мерзімдері, талаптары бар және т.б. Ал  Жарна шеңберінде объект иелері Комиссияға арыз беріп, заңдастырып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын қалыптастырып, заңды түрде мемлекет қазынасына сәйкес салықтарды төлеп отыр.

Сонымен бірге,  Ержан Шәкенов негізгі назарды ақша мен шет елдегі мүлікті  заңдастыру тәртібінің мағыналы женілдетілгеніне бөлді. «Енді, ақшаны 5 жыл жинақтау шотында сақтау керек емес. Оны банктегі шотқа аударып, немесе, аударғыңыз келмесе жария етілетін сомадан 10%-дық алым төлеу керек. Шет елдегі  мүлікті бағалаушыларсыз өзіңіз құның анықтап, одан 10% алым төлейсіз. Екі жағдайда да салық қызметі органына арнайы декларация тапсырылады. Осылайша, мемлекет көлеңкеден шығуға, заңды айналымға жасырын мүлікті қайтаруға мүмкіндік беріп отыр. Өйткені, жария етілген мүлік тәркіленбейді, мәліметтердің құпиялығы сақталады, субъектілер құқық қорғаушы және басқа мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз іс әрекеттерінен қорғалаған. Әшкерелеуді тоспаңыз, Заңның алдында жауап бергенше, қол жетімді және қарапайым жолмен заңдастырған жөн» -  деп, Ержан Мырзаханұлы  брифингті қорытындылай келе атап өтті.