Date of publication: 25.04.2016 17:51
Date of changing: 21.10.2019 15:35

Зайсан ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, Шығыс Қазақстан облыстық сотымен бірлесіп 2016 жылғы 18 наурызда «Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы: нақты ахуал мен перспективалар» тақырыбында өткізген ғылыми-тәжірибелік конференциясының корытындысымен шығарылған қарарын орындау мақсатында,

  • 14.04.2016жылы басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жасауда, күресуде халықтың азаматтық ұстанымын қалыптастыру, белсенділігін арттыру, құқықтық, салықтық сауаттылығын жетілдіру мақсатында, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн» өткізілді, сыбайлас жемқорлық ұғымымен басқармаға келген 8 салық төлеуші бөлісті.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы шара ретінде, оған қарсы күреске бір кісідей атсалысуға шақырды.
  • 22.04.2016жылы Зайсан қаласының М.Әуезов атындағы орта мектебінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - балалық шақтан» атты кездесу акциясы өтті. Кездесуді мектеп директоры Н.Жикенова ашып, Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысының орынбасары жасаған дәрісті талқылау барысында, пікірталас орын алды. Акция соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсылықтарын басқарма қызметкерлері мен мектеп оқушылары бимен (флешмоб) айшықтады.