Сыбайлас жемқорлықпен күрес тек үкімет алдында түрған міндет емес, жалпы қоғамның алдында түрған міндет болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық экономикалық дамуды бұзып, әділ бәсекелестік болмауына, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау мемлекеттік қызметтерідің қымбаттауына әкеп соғады. Қоғамның әлеуметтік жіктелуі, көлеңкелі сектор өсіп, бюджетке түсетін салықтық түсімдер төмендейді. Сыбайлас жемқорлықпен күрестін маңызды факторының бірі - жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті тәрбиелеу.
Аягөз ауданы бойынша Мелекеттік кірістер басқармасында Аягөз қаласының 7 орта мектебінің 10 сынып оқушыларының қатысуымен «Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа карсылылық Стратегиясының: бүгінгі шындығы және келешегі» конференция шешімін жүзеге асыру мақсатында акциясы жүргізілді.
Басқарма басшысы А.А.Жайсанбаев, Қазақстан болашағы экономиканын гүлденуі, әр азамат өзінің азаматтық құқықтарын толығымен жүзеге асыруы жастар алдында екендігін айтып отті. Аягөз ауданының прокурорының бас көмекшісі А.М.Аткешова, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың құқықтық салдары бойынша түсініктеме берді. Акцияға ШҚО бойынша департаментінің оңтүстік аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аудан аралық бөлімінің басшысыС.О. Сагидолдин, Аягөз ауданы бойынша Нұротан партиясының төрағасының орынбасары К.Абдреев қатысты