
- Сұрақ: Тауарлардың қозғалысын бақылауға арналған тауарларға ілеспе жүкқұжаттар (бұдан әрі - ТІЖ) қалай және қайда ресімделеді?
Жауап: Өнім беруші (әкелген кезде - алушы) ТІЖ Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі - ЭШФ АЖ) «Виртуалдық қойма» модулі (бұдан әрі - ВҚ) арқылы мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ресімдейді және электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қояды.
- Сұрақ: Салық төлеуші ТІЖ қандай жағдайда қағаз жеткізгіште жазып беруге құқылы?
Жауап: Салық төлеуші ТІЖ қағаз жеткізгіште жазып беруге құқылы болатын жағдайлар:
1) салық төлеушінің тұрған жері бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері шекарасында жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі болмаған жағдай.
2) ҚР ҚМ МКК интернет-ресурсында ЭШФ АЖ-де техникалық қателіктер себебінен ТІЖ ресімдеудің мүмкін болмауы расталған жағдай.
- Сұрақ: Қандай жағдайда ТІЖ ресімделген болып саналады?
Жауап: ТІЖ, егер:
1) мұндай ТІЖ осы Қазақстан Республикасы салық заңнамасымен және Қазақстан Республикасы электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба занамасымен белгіленген талаптарға сәйкес келсе;
2) мұндай ТІЖ-на ЭШФ АЖ-де тіркеу нөмірі берілген кезде ресімделген болып саналады.
- Сұрақ: Қандай жағдайда ТІЖ ресімделеді?
Жауап: ТІЖ:
1) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тауарларды өткізу, іске асыру және (немесе) тиеп жөнелту кезінде;
2) Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі - ЕАЭО) мүшелері болып табылмайтын мемлекеттер аумағынан және ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу кезінде;
3) ЕАЭО мүшелері болып табылмайтын мемлекеттер аумағынан және ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкету кезінде ресімделеді.
- Сұрақ: ТІЖ қандай мерзімдерде ресімделеді?
Жауап: ТІЖ ресімдеу бойынша міндеттеме мынадай:
1) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өткізу, іске асыру және (немесе) тиеп жөнелту кезінде - тауарларды өткізу, іске асыру және (немесе) тиеп жөнелту басталған күннен кешіктірмей;
2) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелген кезде:
ЕАЭО мүшелері болып табылмайтын мемлекеттер аумағынан - еркін айналымға тауарлар шығарылған күннен кейінгі күннен кешіктірмей;
ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннен кешіктірмей;
3) Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүшелері болып табылмайтын мемлекеттер және ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағына тауарларды әкету кезінде - тауарларды өткізу, іске асыру және (немесе) тиеп жөнелту басталған күннен кешіктірмеген мерзімде туындайды.
- Сұрақ: Қандай жағдайда ТІЖ шетел валютасында ресімделуі мүмкін?
Жауап: ТІЖ шетел валютасын ресімдеу мүмкін болған жағдайлар:
1) өнімдi бөлу туралы келiсiм (келісімшарт) шеңберінде жасасқан (жасалған) тауарларды іске асыру бойынша мәмілелер (операциялар) бойынша;
2) Салық кодексінің 386, 446, және 449-баптарына сәйкес қосылған құн салығының (бұдан әрі - ҚҚС) нөлдік мөлшерлемесі бойынша салық салынатын экспортқа тауарларды іске асыру бойынша мәмілелер (операциялар) бойынша;
3) Салық кодексінің 393-бабының 3-тармағына сәйкес ҚҚС нөлдік мөлшерлемесі бойынша салық салынатын іске асыру бойынша айналым бойынша ресімделеді.
- Сұрақ: Кім және қандай мерзімде ТІЖ растайды?
Жауап: ТІЖ алушы ЭШФ АЖ-де ТІЖ тіркелген күннен кейін күнтізбелік жиырма күн ішінде ЭЦҚ-мен қол қойылған ЭШФ АЖ арқылы расталған немесе бас тартылған ТІЖ беруге міндетті.
- Сұрақ: Алушы ТІЖ растауы қандай жағдайларда міндетті емес?
Жауап: Алушының ТІЖ растауы мынадай жағдайларда:
1) тауарларды экспортқа өткізген кезде;
2) тауарларды дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғаға өткізген кезде талап етілмейді.
- Сұрақ: Өнім беруші (импорттау кезінде - алушы) қандай ТІЖ жоюы немесе кері қайтарып алуы тиіс?
Жауап: Толық емес және (немесе) дұрыс емес деректерді көрсете отырып ресімделген ТІЖ, егер мұндай ТІЖ алушы растамаған немесе бас тартпаған жағдайда, өнім берушінің (импорттау кезінде - алушы) осындай ТІЖ ресімдеген күннен кейінгі бес жұмыс күні ішінде жоюына немесе кері қайтарып алуына жатады.
- Сұрақ: Қандай жағдайда түзетілген ТІЖ ресімделеді?
Жауап: Бұрын ресімделген ТІЖ өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу, тауарларды берушіні және (немесе) алушыны ауыстыруға әкеп соқпайтын қателерді түзету қажет болған жағдайда, бұрын ресімделген ТІЖ жоя отырып, түзетілген ТІЖ ресімделеді.