Date of publication: 21.04.2016 13:18
Date of changing: 21.10.2019 15:35

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, салық төлеушілер, бизнес қоғамдастықтардың өкілдерімен Мемлекеттік кірістер кодексін әзірлеу шеңберінде ұсыныстарды талқылау бойынша кезекті кездесу өтті.

Кездесуге Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Түсіндіру жұмысы басқармасы қызметкерлері, «Акцепт-customs» ЖШС, «Торговая палата» ЖШС, «Крепта ВЭД» ЖШС, «Казцветметремонт» ЖШС, «BizCom» ЖШС, «Шығыс Бетон» ЖШС және «Комбинат нерудных материалов» ЖШС кеден өкілдері қатысты. 

Түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Н.С. Дроздова Комитеттің сайтында арнайы форум құрылғанын, ол арқылы Жұмыс тобы Кодекс жобасын әзірлеу бойынша ұсыныстарды, тілектер мен ескертулерді қарастыратынын, талдайтынын және талқылайтынын түсіндіріп өтті.

Акция басталғаннан бері 9 кездесу өтті, мына тақырыптар бойынша салық есебін жүргізу қағидасы, корпоративтік табыс салығы, бірлескен қызметке салық салу, сенімгерлік басқару кезіндегі салық салу, арнайы экономикалық аймақтардағы салық салу, жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, халықаралық салық салудың ерекшелігі, қосылған құн салығы, қосылған құн салығын жоя отырып сатудан алынған салықты енгізу, акциздер, жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу, меншік салығы (мүлік салығы, жер салығы), көлік құралдарына салық (бензинге акциздің артуымен көлік салығын жою қарастырылады), бюджетке басқа да міндетті төлемдер (мемлекеттік баждар, төлемақы және алым), қате төленген сомаларды қайтару, артық төленгенін есепке жатқызу, камералдық бақылау, салық төлеушілердің тіркеу есебі, салықтық қызмет көрсету, салық есептілігінің нысаны, бақылау-касса машиналар, кедендік бақылау, кедендік декларациялау және кедендік рәсімдер, тарифтік және тарифтік емес реттеу (кедендік төлемдер), кеден маңы саласы, салықтық және кедендік тексерулердің нәтижелеріне шағымдану талқылау өтті:

Салық төлеушілер және бизнес қоғамдастықтардың өкілдерімен ҚҚС бойынша есепке алуда бастапқы көрсеткішінің өсуіне, қызметі тоқтатылған жағдайда, алкоголь өнімдердін сақтау және көтермелеп сатуда лицензия алымын төлеу мерзімін өзгерту, экспорттаушы ҚҚС өсімін қайтаруда әкімшілендіру тәртібін оңтайландыруға, электрондық шот-фактура көшірмесіне қатысты, тауардың кедендік құнын түзетуді жүзега асыруда мерзімін өзгерту , АЕК мөлшерінен тауарларды кедендік декларациялау үшін кеден алымдарын төлеу және т.б. сұрақтар бойынша ұсыныстар қарастырылды.

Түскен ұсыныстарды ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер Комитеті Жұмыс тобына жіберілді.