
«РФ-на цитрусты әкелуге тиым салу туралы»
СЭҚ қатысушылары мен мемлекеттік органдардың назарына.
2019 жыл мен ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан кезеңінде ауылшаруашылық Министрлігі Қытай Халық Республикасынан Қазақстан Республикасы аумағына әкелінетін карантинді жүктерді тексеру кезінде Еуразиялық экономикалық одақ Алқасының 30.11.2016 жылғы №157 Шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың біріңғай карантиндік фитосанитарлық талаптарын бұзу бойынша 59 заң бұзушылық фактісін анықтады, соның ішінде 7 жағдай карантинмен бұзылған карантинге жататын өнімдердің объектісін әкелуде (Қара цитрусты белокрылка Aleurocanthus woglumi Ashby).
Соңғы уақытта Қытай Халық Республикасы аумағынан жеткізілетін карантинге жататын өнімдерді әкелу кезінде карантиндік фитосанитарлық біріңғай талаптарын бұзу жағдайы жүйелі түрде болуда.
Еуразиялық экономикалық одақ алқасының 16.05.2016 жылғы №149 Шешімімен бекітілген уақытша санитарлық, ветеринарлық-санитарлық және карантиндік фитосанитарлық шараларын енгізу кезіндегі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-елдердің уәкілетті органдарымен әрекеттесу Тәртібінің 9,10 және 11 тармақтарын басшылыққа алып, Ресей Федерациясының аумағына Қытай Халық Республикасы аумағынан карантинге жататын өнімдерге дәнектер, жеміс дәнектерін және цитрусты дәнді дақылдарды әкелуге тиым салу бойынша Ресей жағынан уақытша карантиндік фитосанитарлық шаралардың енгізілуімен байланысты, Ресей ауылшаруашылық бақылаушысымен ұсынылған материалдар алынып, зерттелінді.
Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісім шартының 56 бабы 4 тармағына және Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісім шартының №12 Қосымшасының 25 тармағы 2 тармақшасына сәйкес Комитетпен мына шешім қабылданды:
1) Қазақстан Республикасының аумағына Қытай Халық Республикасының аумағынан карантинге жататын цитрусты дәнді (ЕЭО СЭҚ ТН 0805 коды) дақыл өнімдерін әкелуге тиым салу түріндегі уақытша крантинді фитосанитарлы шаралар 2020 жылдың 02 наурызынан бастап енгізілу туралы;
2) 2020 жылдың 02 наурызынан бастап Қытай Халық Республикасы аумағынан карантинге жататын өнімдер дәндер, жеміс дәнектерін және цитрус дақылдарын (ЕЭО СЭҚ ТН коды 0808 және 0809) әкелуге тиым салу түрінде Ресей ауылшаруашылық бақылаушысымен (Ресей Федерациясының өсімдіктер карантині бойынша уәкілетті орган) енгізілген уақытша карантинді фитосанитарлы шараларға және Қазақстан Республикасы аумағына Қытай Халық Республикасы аумағынан карантинге жататын өнімдер дән мен жеміс дәндерін әкелуге тиым салу түрінде уақытша карантинді фитосанитарлы шараларды енгізуге қосылу туралы.
ШҚО бойынша МКД «Бахты» к/б бас маманы А.А.Рахимбаев