Date of publication: 08.04.2016 11:15
Date of changing: 21.10.2019 15:34

 

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметімен қаржы, кеден және салық салаларында  «көлеңкелі» экономика салысында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша  ынтымақтастық мен өзара әрекеттесу мәселесі бойынша «дөңгелек үстел» өтті.            Кездесуге ШҚО Кәсіпкерлер палатасы, «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» РММ, «Ертіс» ӘКК ҰК» АҚ, ШҚО Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының өкілдері қатысты.                          

Кездесуді ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары - Экономикалық тергеу қызметінің басшысы Камалханұлы Баделхан ашты. Ол өз сөзінде Қызметтің негізгі бастамалық бағыты ол жалған кәсіпкерлікпен, салықтарды төлеуден жалтарумен, жалған ақша жасаумен, экономикалық контрабандамен, мемлекеттік сатып алу саласындағы жымқыру, есірткі және тыйым салынған заттардың заңсыз айналымына, металл мен мұнай, алкоголь өнімдерінің және т.б. заңсыз айналымына қарсы күрес болып табылатындығын атап өтті.   

Экономикалық тергеу қызметінің күнделікті құқық қорғау қызметін жүзеге асыру барысында, бизнеске жүктемені төмендету, азаматтардың конституциялық құқығын бұзуға жол бермеу, бизнес пен тұрғындардың экономикалық тергеумен күрес бойынша органға сенім деңгейін арттыру бағыты алынған. Осыған байланысты, қызметкерлердің бағыты негізсіз тергеудің болмауына, ерекше жағдайларда ғана қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыруға бағытталған, осылайша бизнестің дамуы үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етіп отыр.

Сонымен қатар, Б. Камалханұлы кездесу қатысушыларына мемлекеттік кірістер органдарына тұрғындардың сенімін арттыру мақсатында, олар күнделікті жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды жүзеге асыратындығы туралы хабардар етті. Кездесуге қатысушылар алдында ШҚО бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметі басқармаларының басшылары сөз сөйледі.                

Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасының басшысы М.Б. Абдрахманов  ШҚО бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметінің іс-әрекеттерінің мақсаттары мен нәтижелері туралы айтып өтті. Мысалы, 2016 жылдың 1 тоқсанында экономикалық контрабандамен, жалған ақша жасаумен, жалған кәсіпкерлікпен және бюджетке төленетін салықтардан жалтару, ойын бизнесі, ұйымдасқан қылмыс, контрафактылы өнімдердің заңсыз айналым деректері бойынша  Экономикалық тергеу қызметімен 101 қылмыстық іс аяқталды.        

Экономикалық тергеу қызметінің құрылымында жаңа бөлімше-криминалистика бөлімі құрылды. Бөлімге  оқиға болған орындарды қарау мен басқа да тергеу әрекеттерін жүргізуге қатысу, криминалистикалық және арнайы зерделеуді жүргізу бойынша міндеттері жүктелген. ЭТҚ құрылымында сонымен қатар, әртүрлі заттарды (валюта, есірткі заттары және т.б.) анықтауға үйретілген қызметтік іздеу иттерімен кинолог-мамандары бар бөлімше бар.         Экономикалық тергеу қызметінің «көлеңкелі» экономикамен» қарсы әрекет бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы К.Ж.Кабдуллин айтып өтті.  Кеден және салық салаларында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша нәтиже туралы Салық және кеден салаларындағы құқық бұзушылықтарды тергеу басқармасының басшысы Ж.Т.Махметов қатысушылардың назарына жеткізді. Жалған ақша жасауға қарсы іс-әрекет бойынша кәсіпкерлік қызметінің субъектілерімен жұмыс бойынша проблемалық мәселелер туралы кездесу барысында Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл басқармасының офицері-жетекші маман Д.И.Тойганбаев айтып өтті.

Содан кейін  шағын және орта бизнес өкілдерімен пікірлер  алмасты және келешектегі ынтымақтастық пен  өзара әрекеттесу бойынша ұсыныстар енгізді.                                                                  

«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» РММ Шығыс Қазақстан филиалының директоры М.М.Барлыбаев қазіргі таңда Экономикалық тергеу қызметімен жалған ақша жасауға қарсы іс-әрекет бойынша тығыз өзара байланыс және бірлескен жұмыс атқарылып жатқандығын айтып өтті.     

«Ертіс» ӘКК ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының м.а. Н.Ш.Нигметов квазимемлекеттік сектор үшін бөлініп жатқан бюджет қаражатын жалтарудың алдын-алу бойынша бірлескен жұмыс туралы сөз сөйледі. Кездесуге келушілер мұндай кездесулер кәсіпкерлердің күнделікті қызметтеріне көмек жасайтындығын, ол жерде қызметке байланысты проблемалық мәселелері бойынша қызықтыратын сұрақтарға түсініктеме ала алатындығы және мемлекеттік кірістер органдарына тұрғындардың сенім деңгейлерін арттыруға мүмкіндік жасайтындығын атап өтті.Кездесу соңында Экономикалық тергеу қызметінің басшысы Б.Камалханұлы мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер арасындағы осындай сындарлы тілдесулер, мемлекеттің де, кәсіпкерлердің құқықтарының мүдделерін қорғау бойынша бірлескен жұмысты ұйымдастыруға мүмкіндік беретіндігін айтып өтті. Ал тығыз байланыс облыстағы экономикалық және қаржылық қылмыстарға қарсы іс-әрекет пен оның алдын алу бойынша оң нәтиже береді.          

Сонымен қатар, Экономикалық тергеу қызметінің қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарламалар мен өтініштерді қабылдаудың тәртібі мәлімделді.

                            ШҚО бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметі