
Салық заңнамасына сәйкес Комиссионер (сенім білдірілген өкіл) тауарларды ҚР аумағына комиссия (тапсырма) шарттары негізінде әкелген кезде импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын есептеу және бюджетке аудару жөніндегі міндет комиссионерге (сенім білдірілген өкілге) жүктеледі.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар бойынша комиссионер (сенім білдірілген өкіл) төлеген қосылған құн салығының сомасы осындай тауарларды сатып алушы комиссионер (сенім білдірілген өкіл) сатып алушының атына жазып берген шот-фактураның, сондай-ақ импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация көшірмесінің және салық органының белгісі бар тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш көшірмесінің негізінде есепке жатқызылады.
Алайда Комиссионердің өз атынан және комитент есебінен тауарларды өткізуі, жұмыстарды орындауы немесе қызметтер көрсетуі комиссионердің өткізу бойынша айналымы болып табылмайды. Сондай-ақ, сенім білдірілген өкілдің сенім білдірушінің атынан және есебінен тауарларды өткізуі, жұмыстарды орындауы немесе қызметтер көрсетуі сенім білдірілген өкілдің өткізу бойынша айналымы болып табылмайды.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің салық төлеушісі-комитент (сенім білдіруші) пен Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды өткізетін Қазақстан Республикасының салық төлеушісі-комиссионер (сенім білдірілген өкіл) арасында жасалған комиссия (тапсырма) шарттары бойынша Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлар бойынша шот-фактураларды жазып беруді комиссионер (сенім білдірілген өкіл) жүзеге асырады. Бұл ретте шот-фактура өнім берушінің "комиссионер" ("сенім білдірілген өкіл") деген мәртебесін көрсете отырып жазып беріледі.
Комиссионер (сенім білдірілген өкіл) сатып алушыға жазып беретін шот-фактурада Салық Кодексінің 412 бабының 5-тармағының 1) – 7) тармақшаларында белгіленген деректемелер, тауарлардың қосылған құн салығын есепке алмағандағы құны, сондай-ақ шот-фактураға қоса берілетін тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің нөмірі мен күні көрсетілуге тиіс.
Импортталатын тауарлар бойынша комиссионер (сенім білдірілген өкіл) төлеген қосылған құн салығының сомасы шот-фактурада жеке жолмен бөліп көрсетіледі.
Мұндай шот-фактураға комиссионерден (сенім білдірілген өкілден) алынған тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің көшірмесі мен тауарларды импорттаған кезде комиссионер (сенім білдірілген өкіл) төлеген қосылған құн салығын есепке жатқызу үшін негіз болып табылатын импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияның көшірмесі қоса беріледі.
Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың импорты кезінде комиссионер (сенім білдірілген өкіл) төлеген импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын комиссионер (сенім білдірілген өкіл) есепке жатқызбайды.
Импортталған тауарларды комиссионер (сенім білдірілген өкіл) есепке қабылдаған күн комиссия (тапсырма) шарттары негізінде тауарларды ҚР аумағына әкелген кезде салық салынатын импорттың жасалған күні болып табылады.
Осы тармақтың мақсаттары үшін комитент (сенім білдіруші) комиссионердің (сенім білдірілген өкілдің) атына жасаған тауарлардың берілгенін растайтын бастапқы құжаттың күні есепке қабылдаған күн болып табылады.
Комиссия (тапсырма) шартының талаптарына сәйкес келетін жағдайларда тауарларды өткізген, жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен кезде комиссионердің (сенім білдірілген өкілдің) салық салынатын айналымының мөлшері комиссия (тапсырма) шарты бойынша сыйақы негізінде айқындалады.