Date of publication: 02.03.2020 13:05
Date of changing: 02.03.2020 13:06

Қосылған құн салығының асып кетуін салық төлеушіге қайтару:

1) егер Салық Кодексінің 432, 433 және 434-баптарында өзгеше белгіленбесе, Салық Кодексінің 431 бабында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде;

2) салықтық кезеңдегі қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген оның қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талабы негізінде жүзеге асырылады.

Егер Салық Кодексінің 432, 433 және 434-баптарында өзгеше белгіленбесе, тексеру нәтижелерімен расталған қосылған құн салығының асып кету сомасын салық төлеушіге қайтару мынадай мерзімдерде жүргізіледі:

- қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талап қойылған салықтық кезең үшін шот-фактураларды жазып беру мен алуды электрондық нысанда ғана жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын тәуекел аймағындағы салық төлеушілердің санатына жатқызылмаған салық төлеушіге – отыз жұмыс күні ішінде;

- қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талап қойылған салықтық кезең үшін өткізу бойынша жалпы салық салынатын айналымда кемінде 70 пайызды құрайтын нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналымдарды жүзеге асыратын салық төлеушіге – елу бес жұмыс күні ішінде;

- қалған жағдайларда – күнтізбелік бір жүз елу бес күн ішінде.

Бұл ретте қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару мерзімінің өтуі Салық Кодексінің 212-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес ұзарту кезеңін ескере отырып, осы Кодексте қосылған құн салығы бойынша декларацияны салық органына ұсыну үшін белгіленген соңғы күн өткеннен кейін басталады.