
Автомобильмен тасымалдаушы және жоллаушылардың назарына автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидалары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен бекітілді. Бұл қағидалар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады және барлық жеке және заңды тұлғалар үшiн меншiк нысандарына қарамастан мiндеттi болып табылады.
Жоғарыдағы бұйрық бойынша автомобильмен тасымалдаушы – жеңіл автокөлік құралдарын қоспағанда, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдарына иелік ететін, жолаушыларды, багажды, жүктерді және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
Ұйымдастыру сипаты бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау тұрақты, тұрақты емес және таксимен тасымалдау болып бөлінеді.
Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау – тасымалдаушылар автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды пайдалана отырып, алдын ала келiсiлген жол жүру маршруттары, бастапқы және соңғы пункттерi, жолаушыларды отырғызу және түсiру пункттерi белгiленген қозғалыс кестелерi бойынша жүзеге асыратын тасымалдар. Халықаралық қатынаста тұрақты тасымалдау ҚР және шет ел мемлекеттерінің арасында автобустармен және шағын автобустармен бекітілген маршруттар бойынша жүргізіледі.
Жолаушыларды автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынастағы автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау лицензиарға берілген лицензияға қосымшада көрсетілген автобустармен, шағын автобустармен жүзеге асырылады. Тұрақты емес тасымалдау жеке және заңды тұлғалардың бір жолғы тапсырысы (өтінімі) бойынша жүзеге асырылады. Мұндай тасымалдауға: туристік, экскурсиялық, іс-шараларға қызмет көрсету жатады. Бір жолғы тасымалдау белгілі бір кезең ішінде шарттық негізде жүзеге асырылуы мүмкін. Құрметті жолаушылар, тұрақты емес тасымалдауға жүрер алдында автомобиль тасымалдаушымен жазбаша түрде келісім жасап алыңыз және тасымалдаушының барлық құжаттары түгел екеніне көзіңізді жеткізіңіз.
ШҚО бойынша МКД к/б жетекші маманы Қ.К.Амренов