
2020 жылдың 4 ақпан бастап ақша қаражаттарының шығу дерек көздерін дәлелдейтін құжаттарды ұсыну қажет.
Бұл, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғамен бір жолда 100 мың АҚШ долларының баламасынан асатын сомадағы ақша қаражаты туралы.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 6 тамыздағы № 130 шешімі терроризмді қаржыландыруға немесе қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қолданылуы мүмкін қолма-қол ақшаны және берушімен келісілетін құралдардың физикалық трансшекаралық қозғалысын анықтау және тоқтату жөніндегі шараларды қамтамасыз ету үшін әзірленді.
Қаражаттың пайда болғанын растайтын құжаттардың ресми тізімі болмайды. Еуразиялық экономикалық комиссияның да, ұлттық заң шығарушылардың да оны бекітуге құқығы жоқ.
Жолаушылардың кедендік декларациясында мәлімделген қаражат пен құралдардың шығу тегін растайтын құжаттар ретінде келесі құжаттарды пайдалануға болады:
Айырбастау операцияларын жүргізу, шоттан қаражат алу, несие алу кезінде несиелік ұйымдар жасаған құжаттар;
Азаматтық-құқықтық мәмілелерді жасасуды растайтын құжаттар (мұрагерлік, сыйлық және басқалар).
Мұндай құжаттарды жолаушылар кедендік декларациясымен бір уақытта ұсынбаған жағдайда, қолма-қол ақшаны ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізуге тыйым салынады.
Басқа ешқандай жаңашылдық қарастырылмаған: қолма-қол ақшаның шектеулері тұрғысынан олар өзгермейді. Бүгінгі таңда бізде шекара арқылы өткізілетін валюта көлеміне ешқандай заңнамалық шектеулер жоқ.
Міндетті декларациялауға жататын аударылған қаражат көлемі 10 мың АҚШ долларынан асады. Кедендік баждар, салықтар талап етілмейді. Егер сіз декларациялауға жататын қаражат көлемін мәлімдемесеңіз, онда әкімшілік, немесе қылмыстық жауапкершілікке тартыласыз.
Абдулкасумова Айгуль Хажиевна
ШҚО бойынша МКД Майқапшағай кеден бекетінің
жетекші маманы