Date of publication: 21.02.2020 15:33
Date of changing: 21.02.2020 15:35

Экспорттық бақылау  – Қазақстан Республикасының  сыртқы экономикалық қызметінің  тарифтік емес реттеу шарасы. Экспорттық бақылаудың негізгі міндеттіері ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жаппай қырып-жоятын қаруды таратпауды күшейту, халықаралық қатынастардың тұрақты және қауіпсіз жүйесін құруға ықпал ету, халықаралық  қауіпсіздік пен тұралықтылықты нығайту, жаппай қырып-жоятын қарулармен алардың жеткізу құралдарын таратудың  алдын алу.  

 Өздеріңіз білетіндей, Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі -  ЕАЭО ) кедендік шекарасымен келмейтін  Қазақстан Республикасының  мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына  қатысты  экспорттық бақылау 2019 жылғы  қантарда  Ресей және Қырғызстан  мемлекеттік  шекараның бөліктеріндегі 37 автомобиль өткізу пунктерінде жүзеге асыра басталды.  Қазақстан Республикасының Занының

Қазақстан Республикасының  2007 жылғы 21 шілдедегі N 300 «Экспорттық бақылау туралы» Заңының 9 бабының 8 т. сейкес экспорттық бақылауына жататын  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шеакарасы арқылы өтетін өнімдеріне мемлекеттік кірістер органдары бақылау жасайды.

Тұрақты экономикалық  өсуге қол жеткізу, экономика  мен ұлттық бәсекеге қаблеттігін арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында, Қазақстан Республикасында  қабылданған «Цифрлық Қазақстан»  біріктілген бағдарламасын  жүзеге асыру бойынша шаралар үнемі  жүргізіліп келеді. Ол төрт  негізгі бағыты бойынша жүзеге асырылады: цифрлық  Жібек Жолын жүзеге асырудың (сенімді, қол жетімді, жылдамдығы  жоғары және қауіпсіз  цифрлық   инфрақұрылымды дамыту), шығармашылық қоғамының дамуы (цифрлық  экономика үшін құзіреттіліктер мен дағдыларды  дамыту,   халықтың цифрлық сауаттылықты күшейту  бойынша жұмыс жүргізу,  барлық  сасларына АКТ мамандарды дайындау),  салалардағы цифрлық  қайта құру  ( экономикалық әр түрлі  салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру  үшін сандық технологияны кеңінен қолдану),  белсенді  мемлекетке көшу (электрондық және ұялы  үкімет жүйесінді  жетілдіру,  мемлекеттік қызметтерді  оң тайландыру).

Сонымен,  салық төлеушілерге қолайлы   жағдай жасау жасау,  сыбайлас жемқорлықты  азайту  және   Қазақстан Республикасының  мемлекеттік бюджетіне  түсімді қамтамасыз ету  үшін барлық жерде кедендік  және салықтық әкімшілендіру саласында цифрлық технологиялар енгізілуде.

 Қазақстанның халықына Жолдауында 2018  жылдың 10 қантардағы «Төртінші  өніркәсіптік революция жағдайындағы дамуың жаңа мүмкіндіктері»  Қазақстан Республикасының Президенті  онлайн режимінде тауарлардың қазғалысын  және олардың  кедергісіз  транзитін бақылау,  сондай-ақ кедендік операцияларды  жеңілдету үшін blockchain сияқты цифрлық технологияларды кең  көлемде енгізу қажеттілігін атап өтті.

Импорттан немесе өндірістен бастап оны Қазақстанда сатуға дейін тауарлардың қозғалысына түпкілікті  бақылау жүйесі тауарлардың бүкіл жеткізу тізбесін бақылай отырып, елдегі тауарлардың бағасын талдауға мүмкіндік береді және  көлеңкелі экономикалық  үлесін азайтуға, сондай-ақ   бюджетке салық түсімдерін ұлғайтуға  бағытталған.

Түпкілікті  бақылау жүйесіне    жобалар жатады:  ақпараттық жүйелер:  «АСТАНА-1»,  «Тауарлардың таңбалау», «Электрондық шот-фактуралар», «Виртуалды қойма» модулі, Онлайн-ККМ және  «ҚҚС бақылау шоттарын қолдану арқылы ҚҚС бойынша әкімшілендіру».

Экспорттық бақылауын  жүргізу  саласында   жаңалықтардың бірі  2020 жылдың 1 қантарынан бастап NTERNET пен ҚР ҚМ МКК ішкі жергілікті желі арқылы  жаңа  пилоттық жоба -  «Электрондық шот-фактуралар» Ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – «ЭШФ» АЖ)   «Экспорттық бақылау» модулін іске асыру. 

Қазіргі уақытта ҚР ҚМ МКК Экспорттық бақылау басқармасының аумақық құрылымдарының  қызметкерлері «ЭШФ» АЖ   «Экспорттық бақылау» модуліне   ЕАЭО   елдерімен Мемлекеттік шекарасындағы автомобиль өткізу пунктері арқылы импортқа/экспортқа/транзитқа  өтетін  тауарлар бойынша мәліметтіерді    еңгізеді.

«ЭШФ» АЖ   «Экспорттық бақылау» модулінде ақпарат:

-  экспорттық бақылауға жататын тауарлардың белгілері;

- тыйым салынған  және  экспортқа шектелген  тауарлардың белгілері;

-  ДСУ-ны басып алу тізіміне жататын тауарлардың белгілері;

- салық төлеушіні  әрекетсәз деп  жіктеу (тасымалдаушы, жөнелтішу, алушы);

- тіркеудің күші жойылған салық төлеушілер, жалған кәсіпорын  

-  импорттауға қатысты жоқ тұлғалар туралы бар.

  «ЭШФ» АЖ  «Экспорттық бақылау» модулін қолдануымен ҚР ҚМ МКК  Экспорттық бақылау басқармасының аумақтық  құрылымдарының қызметкерлері Excel форматына деректерді жүктейді,  ҚР ҚМ МКК Төрағасының 2018 жылдың 28 қарашадағы № 535-ПР-КГД «ЕАЭО  кедендік шекарасымен  сәйкес келмейтің Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік шекарасында  автомобильді өткізу пунктерінде мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалардың атқаратын қызмет  туралы Тәртібінің бекіту туралы» бұйрығының талаптарын орындауына мүмкүндік береді.

 

 

ШҚО бойынша МКД Экспорттық бақылау басқармасы