
Еуразиялық экономикалық комиссиясы Алқасының 2019 жылғы 23 шілдедегі « Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау туралы» №124 шешімі 2020 жылдың 1 ақанына күшіне енді, жолаушылар кедендік декларациясының нысаны бекітілді. (18.06.2010 жылғы №287 Кеден одағы комиссиясының шешімінің күші жойылды.)
Жолаушылар кедендік декларациясын 16 жасқа толған жеке тұлға толтырады. Жеке тұлға ілестіріп жүрген 16 жасқа толмаған жеке тұлғаның жеке пайдалануға арналған тауарлары туралы мәліметті, өзі толтырған жолаушылар кедендік декларациясында бірге көрсетіледі.
Жолаушылар кедендік декларациясымен ресімделген данасы ЕАЭО кедендік аумағында (оның шегінен тыс жерлерде) болудың барлық уақыты кезеңінде сақталады және шыққан (қайтқан) кезде кеден органына ұсынылады.
Жолаушылар кедендік декларациясында:
- Декларант туралы мәліменттер;
- Тауарлар мен көлік құралдарды өткізу тәсілі туралы мәлімет;
- 10 мың АҚШ долларына (1 адамға) балама сомадан асатын қолма қол ақша қаражаты және (немесе) жол чектері, вексельдер, чектер (банктік чектер), бағалы қағаздар (декларацияның қосымшасында толытылады);
Тауарлар туралы мәлімет:
- Кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып (жеңілдікпен әкелу) әкелінетін тауарлар;
- Құны, салмағы және (немесе) саны кедендік баждарды, салықтарды төлемей әкелу нормасынан асатын тауарлар;
- Мәдени құндылықтар;
- Азаматтық және қызметтік қару, оның негізгі (құрамдас) бөлшектері, оның патрондары;
- Дәрілік заттар түріндегі есірткі құралдары, психотроптық заттар, олардың прекурсорлары;
- Жануарлар, өсімдіктер;
- Минералогия, палеонтология, қазба жануарлардың сүйектері
бойынша коллекциялық материалдар;
- Адамның биологиялық материалдарының үлгілері;
- Оларға қатысты тыйым салулар мен шектеулерді сақтауға жататын және растау құжаттары мен (немесе) мәліметтерді ұсынуды талап ететін басқа да тауарлар
туралы мәліметтер толығымен көрсетіледі.
Жолаушылар кедендік декларациясының соңында дұрыс емес мәліметтерді хабарлау ЕАЭС мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болатыны жеке тұлғаға жазбаша ескертіліген.
«Майқапшағай» кеден бекетінің бас маманы Ж. Тоқтарбекова