Date of publication: 18.02.2020 16:54
Date of changing: 18.02.2020 16:55

Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiледi. Бұл ереже:

      1) жеке тұлғалардың;

      2) адвокаттар мен медиаторлардың;

      3) билеттерді бере отырып, қалалық қоғамдық көлікте тасымалдау бойынша халыққа қызмет көрсету бөлігінде;

      4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің;

      5) қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерi жоқ жерлердегі салық төлеушілердің;

      6) екінші деңгейдегі банктердің ақшалай есеп айырысуларына қолданылмайды.

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің 165-бабына сәйкес ақшалай есеп айырысулар – қолма-қол ақша және (немесе) төлем карточкаларын пайдалана отырып есеп айырысулар арқылы тауарды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін жүзеге асырылатын есеп айырысулар болып табылады.

БКМ чегін бермеу табысты жасыру, тиісті салықтарды төлемеуге апарады, бұл соңында жалпы көлеңкелі экономика көлемін арттыруға әкеп соқтырады.

Сіз тауар немесе қызмет сатып алдыңыз. Сізге тұтынушы ретінде тауар немесе қызмет құнының сомасына фискалды чек беруге міндетті.

          БКМ чегін немесе тауар чегін бермеу не болмаса тауарлар немесе қызметтер үшiн төленгенiнен азырақ немесе көбiрек сомаға БКМ чегін немесе тауар чегін беру әкімшілік жауапкершілікке әкеледі.

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 802-бабына сәйкес  әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғауға жеке және заңды тұлғалардың хабарламалары немесе мәлiмдемелерi, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар себеп болып табылады.

         Егер Сізге фискалды чекті беруден бас тартылса, Сіз сауда объектісінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына жүгінуге немесе ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 87016027344 WatsApp нөміріне сауда орнының атауын, оның орналасқан жерін және Сіздің жүгініміңізге  жауап беруге болатын байланыс деректеріңізді көрсете отырып, хабарлама жазуларыңызға болады.

 

                                               Түсіндіру жұмыс басқармасы