Date of publication: 18.02.2020 01:14
Date of changing: 18.02.2020 01:16

ШҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, бұрын шағын және орта бизнес субъектілерінен Республикалық бюджетке түсіп отырған (бюджеттік классификация коды 101110) корпоративтік табыс салығының түсімдері облыс бюджетіне берілгенін салық төлеушілерге хабарлайды. Айтылған мерзімнен бастап «Республикалық бюджетке, мұнай секторын қоспағанда, КТС төлейтін салық төлеушілер – ірі кәсіпкерлік субъектісінің тізімін бекіту туралы» 30.12.2019 жылғы Ұлттық экономика министрлігі №1449 және Қаржы министрлігінің № 309 бірлескен бұйрығымен бекітілген тізіміне сәйкес, ірі кәсіпкерлік субъектілерінен КТС бойынша түсім республикалық бюджетке аударылып отырады. КТС жергілікті бюджетке аудару үшін қосымша бюджеттік классификация коды ашылды (БКК 101111). Бұл БКК Тізімде көрсетілмеген салық төлеушілердің КТС аударылады. Тізім және Бірлескен бұйрық көшірмесі ҚР ҚМ МКК ресми сайтында «Қызмет – Статистика - КТС» бөлімінде орналастырылған.