Date of publication: 12.02.2020 18:10
Date of changing: 28.02.2020 16:19

Шығыс Қазақстан облысының бюджет кірісінің негізгі үлесін мониторингке жататын ірі салық төлеушілерден  түсетін  түсімдер құрайды.

2019 жылы мониторингке жататын ірі салық төлеушілермен төленген салықтар мен төлемдер сомасы жалпы 166 871,3 млн.теңге, ол облыстан түсетін мемлекеттік бюджеттің кірістерінің 45,3%  құрайды, 2018 жылы - 126 547,8 млн. теңге , мемлекеттік бюджеттің кірістерінің 41,7% .

2019 жылы ірі салық төлеушілерден  түскен салықтар мен төлемдер сомасы 2018 жылмен салыстырғанда 40 323,5 млн. теңгеге өсті.

Әдеттегідей, ірі салық төлеушілер орта және шағын бизнестің «орташа статистикалық» кәсіпорындарынан айтқарлықтай ерекшеленеді.  Бұл тауар айналымы жоғары, табысты кәсіпорындар, олардың қызметкерлері жоғары білімді

Мұндай кәсіпорындар негізгі қызмет тақырыбы, мысалы,  тауарлар мен қызметтердің нарықтық жағдайлары, жаңа жабдықтар мен технологиялық шешімдер туралы жедел ақпарат алумен қатар, салық заңнамасы мен бухгалтерлік есеп озгерістерін мұқият қадағалап отырады.

Осыған байланысты ірі салық төлеушілерді әкшмшіліктендіру және әкшмшіліктендіруді жетілдіру мәселеріне көп көңіл бөлінеді.

Ірі салық төлеушілер мониторингі ірі салық төлеушілердің нақты салық базасын анықтау, тауарлар (қызметтер) құнын қалыптастырудың негізділігі, Қазақстан Республикасының қаржы,валюталық,салық заңнамасының дұрыс қолдануын , трансферттік баға белгілеуді бақылау үшін нарықтық бағаларды қолдану мақсатында қаржылық-шаруашылық қызметін талдау арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Қаржы Министірлігінің 2018 жылдың 14 желтоқсанындағы №1082 Бұйрығымен 2019-2020 жылдары мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің Тізімі бекітілген. Осы Тізімге Шығыс Қазақстан облысында тіркеуде туратын 15 салық төлеуші енгізілген.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаметімен мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің негізгі көрсеткіштер туралы ақпаратта көрсетілген мәлеметтер, есептліктің басқа нысандары  бойынша қаржылық-шаруашылық қызметін талдау, төленген салықтар мен төлемдер сомасына талдау жүргізіледі.

Мониторинг кәсіпорынның экономикалық қызметінің диагностикасының тиімді әдісінің бірі  болып табылады. Талдау кәпорынның қаржылық жағдайын бақылауға , кәсіпорының мүмкіндіктеріне нақты баға беруге, аймақтағы ірі кәсіпорындардың бюджетке түсетін түсімдерді болжауға мүмкіндік береді.