
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустің белгісіз түрінің салдарынан пайда болатын қытай өкпе тінінің қабынуының таралуына байланысты Үкіметке бірқатар тапсырмалар берді. ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстан аумағында коронавирустің таралуына жол бермеу мәселесі бойынша және алдын алу шараларын өткізу жөнінде мәжіліс өткізді.
Премьер-Министрдің орынбасары Б.Сапарбаевтың төрағалығымен ведомствоаралық комиссия құрылып, Қазақстан аумағында коронавирустің таралуына жол бермеу мәселесі бойынша іс-әрекет жоспарын дайындау тапсырылды.
Құрамына мемелекеттік санитарлық бас дәрігер Жандарбек Мұхтарұлы Бекшин, ҚР ҚМ МКК Өмірзақ Көбегенұлы Бейспеков, Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің Көлік комитеті төрағасының орынбасары Данияр Сұлтанғазыұлы Қоспабаев, ҚР ҰҚК ШҚ БШББ бастығының орынбасары міндетін уақытша атқарушысы Ғани Кубегенұлы Агадилов кіретін ведомствоаралық комиссия «Майқапшағай» кеден бекетіне жоғарыда жазылған мәселе бойынша келіп, қашықтықтан адам денесінің қызуын өлшейтін арнайы құрылғылардың жұмыс істеу барысымен, сонымен қатар санитарлық-карантиндік пунктінің жұмыстарымен танысып қайтты.
Мемелекеттік санитарлық бас дәрігер Жандарбек Мұхтарұлы Бекшин бүкіл әлемді алаңдатып отырған індеттен сақтану үшін барлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін ерекше атап өтті. Қазіргі уақытта «Майқапшағай» кеден бекетінде екі елдің шекарасында жолаушыларды тасымалдау тоқтатылды. Барлық санитарлық-бақылау пунктінің мамандары күшейтілген тәртіпте жұмыс атқаруда.