
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №120 кодексінің 37-тарауына сәйкес жеке тұлғаның мынадай салықтық шегерім түрлерін қолдануға құқығы бар:
1) міндетті зейнетақы жарналары түріндегі салықтық шегерім – Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген мөлшерде;
2) зейнетақы төлемдері және жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша салықтық шегерім;
3) стандартты салықтық шегерімдер (бұдан әрі – стандартты шегерімдер);
4) өзге салықтық шегерімдер (бұдан әрі – өзге шегерімдер), олар:
ерікті зейнетақы жарналары бойынша салықтық шегерімді;
медицинаға арналған салықтық шегерімді;
сыйақылар бойынша салықтық шегерімді қамтиды.
Жоғарыда көрсетілген салықтық шегерімдердің әр қайсысы қалай көрсетілсе сол тәртіпте қолданылады.
Салықтық шегерімдерді:
1) осы Кодекстің 343-бабында көзделген тәртіппен және жағдайларда төлем көзінен салық салуға жататын кірістер бойынша – cалық агентінің;
2) осы баптың 3-тармағына сәйкес жеке тұлға дербес салық салуға жататын кірістер бойынша – жеке тұлғаның дербес қолдануына жатады.
Салықтық шегерімдер, егер көрсетілген шегерімдер жұмыскердің кірісін айқындау кезінде жүргізілмеген болса, жеке тұлға дербес салық салуға жататын кірістердің жиынтық сомасы бойынша жеке табыс салығын есептеу кезінде қолданылады.
Салықтық шегерімдерді қолдану құқығын растайтын құжаттар негізінде салықтық шегерімдер қолданылады. Мұндай құжаттардың түпнұсқалары талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде-үш жыл жеке тұлғада сақталады.
Міндетті медициналық сақтандыруға жарналар бойынша салық шегерімі, көп балалы отбасылар үшін салықтық шегерім, басқа да салықтық шегерімдер-оқуға салықтық шегерім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілетін болады.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Түсіндіру жұмыс басқармасы