Date of publication: 29.01.2020 13:12
Date of changing: 29.01.2020 13:19

Бейрезидентпен көрсетілген қызметтерге ҚҚС төлеу және салық салудың  жалпы тәртібі  Салық кодексінің 373, 378, 382 және 441-баптарымен көзделген. Салық кодексінің ережелерімен салық салынбайтын айналымнан, сондай-ақ, Қазақстан Республикасында ҚҚС  төлеуші болып табылмайтын және қызметін құрылымдық бөлімшелер арқылы жүзеге асырмайтын бейрезиденттен ұсынған жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдарды қоспағанда,  Қазақстан Республикасында тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша  ҚҚС төлеушімен жасалатын айналым, салық салынатын айналым болып табылады. 

 Қазақстан Республикасы өткізу орны болып танылатын бейрезидент өтеулі негізде орындаған жұмыстарды, көрсеткен қызметтерді қосылған құн салығын төлеуші сатып алған кезде олар Салық кодексіне сәйкес қосылған құн салығын салуға жататын, қосылған құн салығын осындай төлеушінің бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналымы болып табылады.     Жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны жұмыстар, көрсетілетін қызметтер жылжымайтын мүлiкке (монтаждау, құрастыру, жөндеу, техникалық қызмет көрсету) тікелей байланысты болса, көрсетілетін қызметтер мәдениет, ойын-сауық, ғылым, өнер, білім, дене шынықтыру немесе спорт саласындағы көрсетілетін қызметтерге жатса, сондай-ақ жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушы кәсіпкерлік немесе кез келген басқа да қызметті жүзеге асыру орны болып танылады. Егер бейрезидент жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушы болып табылса, ал есептік тіркелуі Қазақстан Республикасының әділет органында жүргізілген оның құрылымдық бөлімшесі алушы болса, онда Қазақстан Республикасы жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны болып танылатындығын айта кету керек. Осы тармақшаның ережелері мынадай жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қатысты қолданылады:        

 - зияткерлiк меншiк объектiлерiн пайдалану құқықтарын беру; бағдарламалық қамтылымға техникалық қызмет көрсету және оны жаңарту бойынша -консультациялық, аудиторлық, инжинирингтiк, дизайнерлік, маркетингтік, заңдық, бухгалтерлiк, адвокаттық, жарнамалық көрсетілетін қызметтер;   

- персоналды беру;

 - байланыс қызметтер» және т.б.

Бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналымның мөлшері төлем көзінен ұстап қалуға жататын корпоративтік немесе жеке табыс салығын қоса алғанда, көрсетілген жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу құны негізге алына отырып айқындалады. Алынған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін ақы төлеу шетел валютасымен жүргізілген жағдайда, салық салынатын айналым айналымды жасау күнінің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен қайта есептеледі.Салық заңнамасының келтірілген нормаларынан, егер бейрездентпен көрсетілген қызметтің өткізу орны, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттің салық төлеушісі Қазақстан Республикасы болып табылса, онда көрсетілетін қызмет түрінің құны салық салынатын айналымға 12 пайыз мөлшерінде ҚҚС мөлшерлемесін қолдана отырып, Қазақстан Республикасының салық төлеушілері үшін оларды өткізу бойынша айналым болып табылады.