Date of publication: 22.01.2020 10:40
Date of changing: 22.01.2020 10:46

2017 жылғы 20 желтоқсандағы №107 Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының Шешімімен (одан әрі - Шешімі) 2020 жылғы
1 қаңтардан бастап
халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жөнелтілетін, сондай- ақ кедендік баждар, салықтар төленбей Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тасымалдаушы жеткізетін жеке пайдалануға арналған тауарлар нормаларының төмендеуі көзделгенін еске саламыз. Осы нормалар 200 еуро және 31 кг құрайтын болады. Бұл ретте, бір жеке тұлғаның мекенжайына тауарлардың өткізу жиілігі (күнтізбелік 1 айдың ішінде) есепке алынбайды.

Сонымен қатар, Шешіммен жоғарыда көрсетілген нормаларынан асқан жағдайда төлеу керек кедендік баждардың, салықтардың ставкалары төмендеуі көзделген. Шешімінің 2-қосымшасына сәйкес ставкалар құндық немесе салмақ нормаларынан асқан бөлігінде салмағына 1 килограмм үшін 2 еуродан кем емес, ал құнына 15 пайызды  құрайтын болады.

Жоғарыда көрсетілген нормалар тек жеке пайдалануға арналған тауарларға ғана қолданылатындығын назарға алу керек. Жоғарыда көрсетілген нормалар жеке пайдалануға арналмаған ЕАЭО кеден шекарасы арқылы өткізетін және кәсіп қызметінде пайдалану үшін әкелінген тауарларға қатысты пайдалынбайды. Осындай тауарлар ЕАЭО кеден шекарасы арқылы жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен өткізуге жатқызылады.