Date of publication: 21.01.2020 18:21
Date of changing: 21.01.2020 18:28

Баспасөз хабарлама

Қазақстан және Қытайдың кеден қызметтері онлайн режимінде жүктер туралы ақпараттарды өзара беру туралы келісті.

 

 

 

 

 

 

2019 жылдың 26 сәуірде Пекин (ҚХР) қаласында «Бір белдік – бір жол» атты екінші Халықаралық ынтымақтастық форумы өтті. Форум алаңында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті және ҚХР Бас кедендік басқармасы арасында кедендік әкімшілендіру саласында бір қатар серпінді және стратегиялық маңызды құжаттарға қол қойылды.

Кедендік бақылау тиімділігін арттыру және ҚР және ҚХР өзара саудасы статистиканың айырмашылығын төмендету мақсатында Онлайн режимінде жүктер туралы нақты ақпараттарды алу үшін Қазақстан Республикасы және Қытай Халық Республикасының кеден шекарасы арқылы тасымалданған тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын-ала ақпараттармен алмасу туралы хаттамаға қол қойылды.

Сонымен, 2019 жылдың 24 желтоқсанынан бастап екі мемлекеттің кеден қызметі онлайн режимінде жүктер туралы  ақпараттарды өзара беру жұмысы басталды, сонымен бірге кеден құны мен саны бойынша. Осындай өзара іс-қимылдың негізгі міндеттері кедендік статистика деректерінің айырмашылығы деңгейін төмендету болып табылады.

Экспортты-импортты операциялар бойынша Қазақстан және ҚХР-дың кедендік статистика айырмашылығы үшін, қазақстан бюджетіне 200 миллиард теңге көлемінде ақша түспейді.

Өзара алмасу толық мәлімдемеу және кеден бағасының азайту фактыларын анықтау бойынша адам факторларын азайтуымен ҚХР экспортының алдын-ала деректерімен ҚР импортын салыстыру процесін автоматтандыруға мүмкіндік берді. Аталған шара жүктерге кедендік ресімдеуді жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық деңгейін азайтады.

Бүгінгі күнде онлайн режімінде өзара алмасу ҚХР-дан тауарларды енгізуге дейін ҚР ҚМ МКК деңгейінде жүзеге асырылады, бұдан әрі ақпараттар әрбір көлік құралы бойынша кеден бекеттеріне автоматты режімде келіп түседі. ҚХР-дан тауарлар келген кезде, кеден бекетінің қызметкерлері өзара алмасу шеңберінде Қытайдан ұсынылған ақпараттарды Қазақстан Республикасының кедендік декларацияларда мәлімделген мәліметтермен салыстыруды жүргізеді.  Тауардың атауы, бағасы, саны туралы мәліметтерде айырмашылық болған жағдайда Қазақстанның кеденшілері кедендік тексеріп қарау, құжаттарды және мәліметтерді тексеру және т.б. түрлер бойынша сәйкесінше тексерулер тағайындайды.

 Толық мәлімдемеу фактылары анықталған кезде, мәлімделмеген тауарлардың сомасына және залал сомасына байланысты кәсіпкер әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады, уәкілетті экономикалық операторлар, кедендік тасымалдаушылар және т.б. сәйкесінше тізілімдерінен шығарылады, айыппұл санкциялары, кедендік төлемдер мен салықтарды қосымша есептеу, уақытша сақтау қоймаларында тұру түрлерімен шығындарды көтереді.

Айырмашылықтар жоқ болған жағдайда, ҚХР-дан енгізілген тауарлар кедендік бақылау нысандарын қолданбауымен «жасыл дәліз бойынша» кедендік ресімдеуден өтеді, ол өткзу пунктерінде де және мемлекеттің ішіндегі кедендік ресімдеу орталықтарында да кедендік ресімдеуді жедел өткізуге мүмкіндік береді.

ҚХР-дан ұсынылған ақпараттарды және Қазақстанда ұсынылған кедендік декларацияларды салыстыру барысында, СЭҚ қатысушылары  Салық төлеушілер кабинеті арқылы кедендік декларацияны дұрыс толтыру жолымен толық декларациялауды қамтамасыз ету қажеттілігі туралы хабарланатындығын ескере кету қажет. Сонымен, 17.01.2020 жылғы жағдайы бойынша СЭҚ қатысушыларына 6 665 сәйкесінше хабарлама жолданған.

 

 

ШҚО бойынша МКД