Date of publication: 17.01.2020 16:27
Date of changing: 17.01.2020 18:19

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «ЕЭК Коллегиясының 2012 жылғы 13 маусымдағы № 79 Шешіміне өзгерістер еңгізу туралы» ЕЭК Коллегиясының 2019 жылғы 03 желтоқсандағы № 210 Шешіміне сәйкес ЕАЭО кедендік декларацияны ұсыну уақытында 019/2011 КО ТР талаптарына сәйкестікті растайтын құжатты қоса ұсыну міндетті болатын жеке қорғаныс құралдарының жаңартылған тізімі күшіне енгендігін хабарлайды.

Аталған құжатқа сәйкес, кедендік декларацияны ұсыну уақытында тек қана жеке қорғаныс құралдарына сәйкестікті растайтын сертификат немесе декларация қана емес, және де Бірыңгай тізімнен мәлімет ұсынуға болады.  

Қаулының толық мәтінімен және тауарлардың тізбесімен «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде танысуға болады.

 

ШҚО бойынша МКД