Date of publication: 17.01.2020 16:10
Date of changing: 17.01.2020 17:14

Баспасөз хабарлама

«Салықтар 2020»

 

 

 

 

 

 

 

 

Бүгін 2020 жылғы 17 қаңтарда  «Адалдық алаңы» ұранымен Қаржы министрлігі қызметінің қол жетімділігі мен ашықтықтығын насихаттау мақсатымен «Қаржы министрлігі – Адалдық алаңы» Жобалық кеңсесінің жұмысы шеңберінде және халықтан келіп түсетін ұсыныстар мен сұрақтарға уақытылы жауап беру үшін «Салықтар 2020» науқаны өткізілді.

Қала тұрғындары өткізілген науқанның арқасында мемлекеттік кірістер органдарының мамандарына салық заңнамасы туралы сұрақтар қоюға мүмкіндік алды.

Бұл ретте, шараны Халыққа қызмет көрсету орталығы мен «Император» СҮ қоғамдық орындарда өткізуге болатын болды. Өткізілген науқанның форматы белгілі бір салық төлеушіні қызықтыратын сұраққа жауап алуға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, жүгінгендердің назарына «БКМ кім қолдануға міндетті?», «Тексерулерге тыйым салынды», «Сіз салық төлей аласыз ба», «Жалпыға бірдей декларациялау» сияқты салық заңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша буклеттер ұсынылды.

Осыған ұқсас акциялар облыстың бар аудандарында өткізілді.

Өткізілген іс-шара тағы да ҚР Президенті К.К.Тоқаевтың «Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары саналады» сөзінің дұрыстығын растайды.