Date of publication: 17.01.2020 11:48
Date of changing: 17.01.2020 12:40

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының  мәліметіне сәйкес Қытай Халық Республикасының  Ухань қаласында белгісіз ауыр өкпе симптомы өршуі жағдайы тіркелгендігін хабарлайды. Көбіне науқастар қызбаға шағымданады, кейбіреулерінде тыныс алу қиындауы болады. Кеуде қуысының рентгенографиясында кейбір жағдайларда өкпені зақымдайды.Жоғарыда айтылған негізінде, Қазақстан Республикасына әкелінуін және таралуын болдырмау мақсатында мемлекеттік шекараның «Майқапшағай» кеден бекетінде бақылау  күшейтілді.  Қазақстан территориясына келу кезінде  байланыссыз термометрия арқылы  қызбасы бар адамдарды тексерумен қатар адамдардан Кытай Халық Республикасының Ухань қаласына барғаны жайлы сұраулар жүргізілуде. Соңғы айда аса қуіпті ауруға күдікті адамдар тіркелген жоқ.