
ЕЭК Алқасының 2019 жылғы 03 желтоқсандағы № 218 «Қытай Халық Республикасынан шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін коррозияға төзімді болаттан жасалған ыстықтай деформацияланған тігіссіз құбырларға қатысты демпингке қарсы бажды енгізу арқылы демпингке қарсы шараларды қолдану туралы» шешімі
2020 жылғы 1 ақпаннан бастап ЕЭК Алқасының 2019 жылғы 03 желтоқсандағы «Қытай Халық Республикасынан шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін коррозияға төзімді болаттан жасалған ыстықтай деформацияланған тігіссіз құбырларға қатысты демпингке қарсы бажды енгізу арқылы демпингке қарсы шараларды қолдану туралы» № 218 шешімі қолданысқа енгізіледі.
Онда Қытай Халық Республикасынан шығарылатын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін ыстық деформация әдісімен дайындалған, сыртқы диаметрі 650 мм-ге дейін коррозияға төзімді болаттан жасалған дөңгелек көлденең қималы тігіссіз құбырларға қатысты (СЭҚ ТН коды 7304 49 100 0, 7304 49 930 1, 7304 49 930 9, 7304 49 950 1, 7304 49 950 9 және 7304 49 990 0) кедендік құнның 15,50 пайызы мөлшерінде демпингке қарсы бажды өндіріп алынады.
Осы демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімі 5 жыл.