
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2011 жылғы 20 шілдедегі №463- IVЗРК «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 19-бабы 3-тармағына енгізілген өзгерістерге сәйкес, астана, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың аумақтарында орналасқан жанармай құю станциялары үшін есепке алатын бақылау аспаптарын орналастыру мерзімдері анықталды және 2021 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қолданысқа өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелген және өлшемдердің біртұтастығын қамтамасыз ету аясындағы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қолдануға жол берілген ЕАБА рұқсат етілген. ҚР өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміндегі аспаптар тіркелген тізімі «КазИнМетр» РМК, http://kazinmetr.kz/si/ сайтында орналастырылған.