
Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, мыналарды қоспағанда, егер сіз шағын кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде микро кәсіпорын субъектісі болып табылсаңыз, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін тексеру жүргізе алмайды:
1) халықтың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, заңдылық пен қоғамдық тәртіпке әлеуетті түрде жаппай қатер; конституциялық құрылысқа және ұлттық қауіпсіздікке тура немесе тікелей қатер төндіретін бұзушылықтардың алдын алуға немесе жоюға бағытталған, сондай-ақ "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша жүргізілетін тексерулер;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу фактілерінің туындау себептерін анықтау үшін бақылау мен қадағалаудың нақты субъектісіне (объектісіне) қатысты нақты факт бойынша жоспардан тыс бір тексеру жүргізу жеткіліксіз және осы нақты фактіге байланысты өзге де субъектілерге қатысты бақылау мен қадағалау талап етілетін жағдайларда осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес тексерулер;
3) кәсіпкерлік субъектілерінің өз қызметіне қатысты өтініштері негізінде, оның ішінде "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсат алуға өтініш бойынша барып жүргізілетін тексерулер және профилактикалық бақылау;
4) 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша тексерулер;
5) Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тапсырмасы бойынша прокуратура органдарының тексерулері;
6) кедендік тексерулер;
7) қарсы салықтық тексерулер;
8) салық төлеуші мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуды айқындау, салық органдарында тіркеу, салық органы жасаған кассалық операцияларды тоқтата тұру туралы бұйрықтардың орындалуы мәселелері бойынша тақырыптық салықтық тексерулер;
9) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында өнім қауіпсіздігінің мониторингін жүзеге асыру үшін өнімді іріктеу және оған санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу мақсатында барып профилактикалық қадағалау;
10) Қазақстан Республикасының сәйкестікті растау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуын тексерумен және профилактикалық бақылаумен;
11)жер қойнауын пайдаланушылар.