
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың 42 және 45-бабтарына сәйкес ЕЭК Алқасымен 2022 жылдың 31 желтоқсаннын қоса алғанда кедендік құнынан 0% мөлшерінде, ЕАЭО СЭҚ ТН 1803 10 000 0 және 1804 00 000 0 кодтарымен жіктелетін, майсызданбаған какао-паста және какао-май, какао-майларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелім баждар мөлшерлемелерінің әрекет ету мерзімі ұзартылды.
Яғни, кедендік құнынан 0% мөлшеріндегі кедендік әкелім баждар мөлшерлемелері 01.01.2020 жылдан 31.12.2022 жылды қоса алғанда қолданылатын болады.
ЕЭК Алқасының 2019 жылғы 06 тамыздағы № 139 шешімін қараңыз (ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді - 07.09.2019 жылдан бастап, бірақ 01.01.2020 ж. ертерек емес).