Date of publication: 25.12.2019 11:44
Date of changing: 25.12.2019 16:01

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен ақпараттық өзара әрекеттесу туралы (Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы №3 Шартына қосымша) және Еуразиялық экономикалық комиссияның 2015 жылғы 17 қарашадағы №155 Алқасының шешімімен бекітілген, Еуразиялық экономикалық одақтың нормативті-анықтамалық ақпараттың бірыңғай жүйесі туралы Қағидасын басшылыққа ала отырып, ЕЭК Алқасымен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының сыныптамасы бекітілгендігін хабарлайды (бұдан ары-жіктеуіш).

Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының сыныптамасын жүргізу Тәртібі белгіленді.

Шешіммен жіктеуішті Еуразиялық экономикалық одақтың нормативті-анықтамалық ақпараттың бірыңғай жүйесі қорының құрамына енгізу қажеттілігі аталып өтті. Және сыныптаманың кодтық белгілерін пайдалану, кедендік реттеу саласында Еуразиялық экономикалық одақтың шеңберінде жалпы үдерістерді жүзеге асыру кезінде және егер электронды кеден құжаттарын толтыру тәртібінде жіктеуішке сәйкес кеден органының кодын көрсету нормалары көзделсе, электронды кеден құжаттарын толтыру кезінде міндетті болып табылады.

ЕЭК Алқасының 2019 жылғы 02 қыркүйектегі №145 шешімін қараңыз (2020 жылдың 01 шілдесінен бастап күшіне енеді).