«Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және ҚР тұруға ықтиярхаты бар тұлғалардың мүлікті жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы» Заңының 4 бабымен, мүлікті жария ету мерзімі 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталып 2016 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады деп белгіленген.
Мүлікті жария ету үшін құжаттарды беру жария ету мерзімі өткенге дейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірілмей аяқталады.
Мемлекеттік кірістер органдарында ақша, Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлердегі, оның ішінде басқа тұлғаға ресімделген мүлiк (ақшадан басқа), басқа тұлғаға немесе жария ету субъектісіне ресімделген ҚР аумағындағы мүлiк (ақшадан басқа) жария етуге жатады.
Жария етудін ерекшеліктер:
- құқық қорғаушы және басқа да мемлекеттік органдардың тарапынан заңсыз әрекеттеріне қосымша кепілдік;
- жария етілген мүлік тәркіленгенге жатпайды;
- жария ету бойынша қылмыстық істер қозғауға тыйым салынады;
- жария ету субъектісінің берілгендері салықтық және банктік құпия болып табылады;
- мүлік пен капиталдың қалай пайда болғаны туралы сұрақсыз толық құпиялық.
Ақшаны жария ету:
1 тәсіл – оларды банктік шоттар арқылы көрсетіп, 10%-дық алымның төлеуінсіз, өзініздің кез-келген қажеттіліктеріңізге жұмсауға болады;
2 тәсіл - 10%-дық алымды төлей отырып, банктік шотқа салмай көрсету.
Екі жағдайда жария ету субъектісі банктың анықтамасымен қоса Зырян ауданы - Зырян қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына сәйкес декларация табыс етеді.
Шет елде орналасқан мүлікті жария ету:
Шет елде орналасқан және басқа түлғаға немесе жария ету субъектісіне рәсімделген мүлікті заңдастыру үшін мемлекеттік кірістер органдарына жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, жария етілетiн мүлiкке жария ету субъектісінің меншік құқығын белгілейтін құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі, басқа тұлғаның жария ету субъектісіне (басқа тұлғаға ресiмделген мүлiктi жария еткен жағдайда) мүлікті өтеусiз немесе өзге де нысанда меншік құқығын бергені туралы шарттың нотариат куәландырған көшірмесін, мүлік құнынан 10% алым сомасы төленгенің растатйын құжаттың көшірмесі қоса отырып, декларация табыс ету жеткілікті.
Сонымен қатар, мүлік құны жария ету субъектісімен белгіленеді.
Ақпараты (8 72335) 6 37 49, 6 10 12 телефондарынан білуге болады.