Date of publication: 23.12.2019 09:49
Date of changing: 23.12.2019 09:50

Қазақстан Республикасының салық кодексі бойынша тауарды электронды саудалаумен айналысатын тұлғаларға салынатын табыс салығынан 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап толықтай босату туралы салық жеңілдіктері қарастырылған.  

Электронды саудалаумен айналысу бойынша тіркелуге келесі шарттар сақталуы қажет:

  1. жеке тұлғалардың тауарды сатылымға шығаруы интернет желісі арқылы іске асырылуы;
  2. келісім-шарттардың электронды қалыпта рәсімделуі;
  3. тауар құнын төлеу қолма-қол ақшасыз іске асуы;
  4. тауарды жеткізудің өз қызметі болуы немесе жүк тасымалдаушылармен, жеткізу, пошта  қызметімен келісім-шарттардың жасалуы.

Тіркелуді жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына қағаз жүзінде хабарлама жолдаумен немесе «Е-Лицензиялау» сайты арқылы жүзеге асыруға болады.

Егер жылдық табыстың 90% электрондық саудадан түскен кіріс құраса интернет-саудагер салық жеңілдіктерін қолдана алады.

Салық кодексінің 302 бабы бойынша салықтөлеуші салық кодексінің 293 бабының 3 тармағы бойынша есептелінген кешендік табыс салығын 100% кеміте алады.

25 желтоқсан 2017 жылғы № 121-VI «Салық кодексін қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 33 бабының 2 тармақшасы бойынша салық кодексінің 357 бабының 2 тармағы 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін келесі мәтінде қолданыста болады: «жалпыға бірдей салық режимін қолданатын жеке кәсіпкердің салық салынатын кірісі келесі тәртіппен анықталады:  

Салық кодексінің 366 бабы бойынша жеке кәсіпкердің салық салынатын кірісі, минус жеке кәсіпкердің электронды сауддан түскен кірісі, минус салық кодекснінің 341 бабының 1 тармағы бойынша қарастырылған кірісті түзету сомасы, минус салық кодексінің 342 бабы бойынша қарастырылған салықтық шегерімдер сомасы».

Интернет-саудагерлердің салық жеңілдіктерін қолданылуына қарамастан, электрондық кәсіпкерлік бойынша жиынтық мәліметтерді есептік жылдан кейінгі жылдың 31 наурызына дейін тапсыруы, немесе әрбір жасалынған келісім-шарт бойынша электрондық шот-фактура толтыру  қарастырылған. ҚР Қаржы Министрінің 2018 жылдың 16 ақпанындағы № 222 Бұйрығына сәйкес электрондық шот-фактура толтыру туралы шешім бойынша қабылданған болса, жиынтық мәліметтерді тапсыру міндеті жүктелмейді.

ҚР Қаржы Министрінің 2018 жылдың 16 ақпанындағы № 221 Бұйрығына сәйкес электронды сауда саттық барысында тауарды жолдаумен, тасумен, жеткізумен айналысатын тұлғалар салық органдарының талабы бойынша, бекітілген қалыпта және мерізімде сұрау салынған мәліметтерді ұсынуға міндетті.

Мәліметтерді ұсынуда бекітілген қалып, мерізім және ережелер туралы мәліметтерді ҚР ҚМ МКК сайтында орналасқан «Кәсіпкерлік» - «Электрондық сауда» бөлімінен табуға болады.