
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың 42 және 45-бабтарына сәйкес ЕЭК Алқасымен 2022 жылдың 31 желтоқсаннын қоса алғанда кедендік құнынан 0% мөлшерінде, ЕАЭО СЭҚ ТН 7112 30 000 0, 7112 91 000 0, 7112 92 000 0 және 7112 99 000 0 кодтарымен жіктелетін, асыл металдардың қалдықтары мен сынықтарына қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі №54 шешімі) кедендік әкелім баждар мөлшерлемелерінің әрекет ету мерзімі ұзартылды.
Яғни, кедендік құнынан 0% мөлшеріндегі кедендік әкелім баждар мөлшерлемелері 01.01.2020 жылдан 31.12.2022 жылды қоса алғанда қолданылатын болады.
ЕЭК Алқасының 2019 жылғы 17 қыркүйектегі №162 шешімін қараңыз (ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді-19.10.2019жылдан бастап, бірақ 01.01.2010 ертерек емес).