Date of publication: 20.12.2019 17:12
Date of changing: 20.12.2019 17:19

«Майқапшағай» кеден бекеті аумағында «Сарыбулак-Майқапшағай» газ құбыржолы арқылы тасымалданатын табиғи газға кедендік тазарту және кедендік бақылау жүргізіледі. Табиғи газдың кедендік ресімделуі  «Қазақстан Республикасындағы Кедендік реттеу туралы» кодексінің 189, 373 баптарына сәйкес  және 2013 жылдың 24 маусымында қабылданған ШҚО бойынша КБД (ҚР) және Үрімші қаласындағы КБ (ҚХР) арасындағы өзара әрекеттесу туралы Уақытша тәртібіне сәйкес ресімделеді.

Кодекстің 375 бабына сәйкес, құбыржол көлігімен  өткізілетін тауарларды кедендік ресімдеуде, есепке алу аспаптарының көрсеткіштері пайдаланылады. Қазақстан Респуликасы  Қаржы Министрлігінің 2018 жылғы 23 ақпандағы №286 «Кедендік декларациялау кезінде қолданылатын есепке алу аспаптарының тұрған орындарының тізбесін бекіту» туралы бұйрығымен, кедендік декларациялау кезінде қолданылатын есепке алу аспаптарының тұрған орны болып, Қазақстан Респуликасының аумағында орналасқан «Сарыбулак-Майкапшағай» магистральді газ өткізу ГЕКТ (газ есебінің коммерциялық торабы) бекітілді. 

ҚР және ҚХР кеден органдарымен, жауапты тасымалдаушы тұлғалардың қатысуымен рұқсатсыз қатынау мен тасымалданатын газды есепке алу аспабындағы мәліметтерін өзгертуді болдырмау мақсатында, газды есепке алу аспабына сәйкестендіру құрылғысы салынғандығы туралы акт құрастырумен сәйкестендіру құрылғысы салынады. 

2019 жылы «Тарбағатай Мұнай» ЖШС-ның өтініші бойынша,  ГЕКТ-те орналасқан есепке алу аспаптарының жоспарлы тексеру  жұмыстары жүргізілуіне байланысты, ШҚО бойынша МКД «Майқапшағай» кеден бекетінің қызметкерлері ҚХР кеден қызметі өкілдерімен бірлесе отырып,  кейіннен салынған сәйкестендіру  құралдарын  алған. Есепке алу аспаптарына тексеру жұмыстары жүргізіліп,  қайта  орналастырылғаннан  кейін екі елдің кеден қызметімен 2019 жылдың 07 қазанында идентификаттау құралдары жаңалап  салынып, идентификаттау құралдарын салу (алу) нәтижелері бойынша актісі толтырылды.