
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2020 жылға Вьетнам Социалистік Республикасынан шығатын және ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағына әкелінетін ұзын дәнді күріштердің жекелеген түрлеріне қатысты тарифтік квотаның көлемі белгіленгендігін хабарлайды.
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың 45-бабына сәйкес, бір жағынан, Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер, екінші жағынан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы 2015 жылғы 29 мамырдағы еркін сауда туралы Келісімнің 2-тарауымен және ЕЭК Алқасының Келісіміне №2 қосымшасымен Вьетнам Социалистік Республикасынан шығатын және Келісімге сәйкес ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағына әкелінетін ұзын дәнді күріштердің жекелеген түрлеріне қатысты 2020 жылғы тарифтік квотаның көлемі белгіленді.
Сонымен қатар, ішкі тұтыну үшін кедендік рәсімімен орналастырылған ұзын дәнді күріштерге қатысты тарифтік квота қолданатындығы анықталды.
17.09.2019 жылғы ЕЭК Алқасының шешімін қараңыз (ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді-2019 жылғы 19 қазаннан бастап).