Date of publication: 15.03.2016 12:36
Date of changing: 21.10.2019 15:35

Семей қ. бойынша мемлекеттік кірістертер басқармасымен 04.03.2016ж. бизнес қауымдастық, «НұрОтан» партиясы атынан Семей қ. депутатына үміткерлердің, ШҚО Кәсіпкерлер палатасының өкілдерінің қатысуымен мүлікті және ақшаны жария ету бойынша брифинг өткізілді.

Негізгі назар «Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және ҚР тұруға ықтиярхаты бар тұлғалардың мүлікті жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңына, соның ішінде ақшаны жария ету тәртібінің мағыналы женілдетілгеніне бөлінді, атап айтқанда, жария етілген ақша бұрынғыдай 5 жыл ағымында қаржы ұйымдарында сақталуы және алымның төленуін талап етпейді, егер ақша  ақша отандық  банктердің шотына аударылса немесе ақша қаражаттарың банктік шотқа салмай, бірақ 10%-дық алым төлеу арқылы. Екі жағдайда да жария ету субъектісі тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына арнайы декларацияны тапсырады.Жария етілген ақшаны жария ету субъектісі өз қалауы бойынша жұмсауға құқылы.

Мүлікті жария ету бөлігінде жария ету субъектісі мүлік құнын өзі анықтайды және шет елде (мүлік құнынан 10% алымның төлеуімен), басқа тұлғаға немесе жария ету субъектісіне рәсімделген ҚР аумағында орналасқан объектілер бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне сәйкес құжаттарды қоса табыс ете отырып арнайы декларацияны тапсырады.

Сондай-ақ, мемлекеттік кірістер департаментіне Заңмен қарастырылған құжаттарды қоса табыс етіп,  арнайы декларация арқылы  ҚР аумағындағы және одан тыс жердегі бағалы қағаздарды, заңды тұлғаның жарғы капиталдында  қатысу үлесін заңдастыруға болады.

Брифинг барысында жария ету субъектілеріне берілетін кепілдіктер туралы айтылды. Яғни, құқық қорғаушы және басқа да мемлекеттік органдардың тарапынан құқықсыз іс-әрекеттеріне қосымша кепілдік, жария етілген мүлік тәркіленгенге жатпайды,  жария ету бойынша қылмыстық істер қозғауға тыйым салынады, жария ету субъектісінің берілгендері салықтық және банктік құпия болып табылады, мүлік пен капиталдың қалай пайда болғаны туралы сұрақсыз толық құпиялық.

   Брифингті қорытындылай келе, жария етудің қарапайым тәсілдерін және мемлекетпен берілген қолайлы жағдайды жіберіп алмай,  тұрғындарды бірегей мүмкіндікті пайдалану, жасырын мүлікті көлеңкеден шығарып, капиталды заңды айналымға кіргізуге шақырды, өйткені осы жарна аяқталған соң,шет елдегі шоттар және жылжымайтын мүлік бойынша барлық мәліметтер дүние жүзі бойынша тексеріліп, анықталған жағдайда қатаң шаралар қолданылатын болатындығын айтты.