
ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындаудың жалпы ережелері, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» (бұдан ары-ҚР Кодекс) ҚР Кодексінде және Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы Шартында регламенттелген.
Шарттың күшіне енген кезінен бастап 2-бапқа сәйкес ЕАЭО құқығына енетін халықаралық шарттардың әрекеті (уақытша қолдану) тоқтатылады. Соның бірі- 2008 жылғы 25 қаңтардағы Кедендік одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы Келісім. Одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құны, ЕАЭО Кеден кодексінің 5-тарауына сәйкес айқындалады.
Қолданыстағы заңнамада тауарлардың кедендік құны оларды кедендік транзиттің кедендік рәсіміне, кедендік қойманың кедендік рәсіміне, жоюдың кедендік рәсіміне, мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсімі және арнайы кедендік рәсіміне орналастырылған кезде айқындалмайды. 2018 жылдың 01 қаңтарына дейін қолданыста болған кеден заңнамасында, кедендік құн кедендік транзит кезінде ғана айқындалмаған.
Әкелінетін тауарлардың кедендік құнының негізі өзгеріссіз қалды, бұл осы тауарлармен мүмкін болатын дәрежедегі мәмле құны.
Қолданыстағы кеден заңнамасында ЕАЭО аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау және бақылау, декларациялауға қатысты бірқатар жаңа нормативті-құқықтық актілер бар.
Тауарлардың кедендік құнын декларациялаудың тәртібі 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап, ДТС-1 және ДТС-2 тауарларының кедендік құн декларацияларының нысандары мен толтыру тәртібі бекітілген «Кедендік құн декларациясын толтыру, кедендік құн декларациясының нысандарын бекіту және кедендік құн декларациясын толтыру тәртібі туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 16 қазандағы № 160 Шешімі қолданысқа енгізілді.
2018 жылдың мамырынан бастап, ЕАЭО кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құнына кедендік бақылау жүргізудің ерекшеліктері туралы Қағидасы бекітілген «ЕАЭО кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құнына кедендік бақылау жүргізудің ерекшеліктері туралы» 2018 жылғы 27 наурыздағы ЕАЭО Алқасының № 42 Шешімі әрекет етеді.
2018 жылы «ЕАЭО Алқасының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 289 Шешіміне өзгерістер енгізу туралы» ЕАЭО Алқасының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы №173 Шешімімен тауарлар декларацияларында көрсетілген мәліметтерге өзгертулер мен (немесе) толықтырулар енгізу тәртібіне өзгертулер енгізілді.
Әкелінетін бірдей/біртекті тауарлардың негізінде тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін құндық негізін дәделді таңдау мақсатында, кеден органы мен декларант арасында консультациялар өткізілуі мүмкін. Консультацияның ережесі мен мерзімі ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы №264 бұйрығымен бекітілген.
2019 жылдың 01 шілдесінен бастап «Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдер қабылдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары-Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 514 бұйрығы (бұдан ары-Бұйрық) қолданысқа енгізілді.
Бұйрықпен келесі жағдайлар мен ережелер бекітілді:
әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдер қабылдануы мүмкін жағдайлар;
- әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдерді беру қағидалары, шарттары және мерзімдері;
әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдерді қолдану қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.
2019 жылдың қыркүйегінен бастап, тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде резервтік әдісті (6-әдіс) қолдану ережелері бекітілген, ЕЭК Алқасының 2019 жылғы 6 тамыздағы № 138 Шешімі күшіне енеді.
ЕАЭО кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың, соның ішінде ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізілген тауарларды кедендік құнын айқындау «ҚР кедендік реттеу туралы» ҚР кодексімен регламенттелген, оған сәйкес ЕАЭО кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың кедендік құны оларды ЕАЭО кедендік аумағынан әкету үшін сату кезінде ЕАЭО кедендік аумағынан әкету орнына дейінгі көлік шығындары енгізілмеу керек.
ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы тауарлар заңсыз өткізілген жағдайда, сондай-ақ әкетілетін тауарлардың мәлімделген кедендік құнын растайтын ақпараттар болмаған жағдайда, кеден органымен кедендік құн ЕАЭО кедендік аумағынан әкетілетін ұқсас тауарлар бойынша ақпараттар негізінде немесе тәуелсіз сараптама нәтижелері негізінде анықталады.
ТРБ