
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі мен сыбайлас-жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтау туралы» атты тақырыпта Семей қаласы бойынша бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында семинар-жиналыс
2019 жылдың 27 қарашада Семей қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында (бұдан әрі-Семей қ. бойынша МКБ) «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі мен сыбайлас-жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтау туралы» атты тақырыпта Семей қ. бойынша МКБ басшысы К.Ш. Мухаметкалиевтің төрағалығымен семинар-жиналыс өткізілді.
Семинар-жиналысқа қатысқандар:
- «Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиаорталық» Республикалық қоғамдық бірлестіктің төрағасының орынбасары Р.Е. Асылбеков;
- ШҚО бойынша МКД Адами ресурстары басқармасы қызметтік тергеу бөлімінің басшысы Ж.К. Шамшина;
- «Семей» кеден бекетінің басшысы С.К. Саметеев;
- Семей қ. бойынша МКБ мемлекеттік қызметкерлері.
Жиналысты Семей қ. бойынша МКБ басшысы К.Ш. Мухаметкалиев ашып, жиналғандарды қошеметтеп, жиналыстың қатысушыларын таныстырып, 2018 жылда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мен «Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиаорталық» Республикалық қоғамдық бірлестік арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қолы қойылған.
Меморандумның мақсаты жемқорлықты алды-алу мен күрес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда мемлекет, бизнес және азаматтық қоғам институттары арасындағы серіктестікті одан әрі нығайту.
Одан әрі ШҚО бойынша МКД Адами ресурстары басқармасы қызметтік тергеу бөлімінің басшысы Жанар Кабдыкадыровна Шамшина баяндамамен сөз алды. Өз баяндамасында жұмыстағы негізгі бағыттарын Әдеп кодексін сақтау мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын-алу туралы жұмысын көрсетті. 2019 жылдың ағымдағы кезеңінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін мемлекеттік қызметкерлер тәртіптік жауапқа тартылған жоқ. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Қазақстан Республикасының Заңын, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңын талаптарын сақтау, сонымен қатар, мемлекеттік қызметкерлерімен сыйлықтарды алуға тыйым салынғаны туралы ерекше түрде айтылып және мемлекеттік қызметкерлерімен сыйлықтарды алуына байланысты көзделген жауапкершілігін айқындап көрсетті.
Одан әрі «Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиаорталық» Республикалық қоғамдық бірлестіктің төрағаның орынбасары Руслан Еслямбекұлы Асылбеков сөз кезегін алды. Өз сөзінде «Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиаорталық» Республикалық қоғамдық бірлестіктің жұмысында тоқталып, медиа орталықтың бас мақсатының бірі халықтың құқық сауатылығын көтеру, алдымен барлық азаматтарға: мемлекеттік қызметкерлерге де және кәсіпкерлерге де Қазақстан Республикасының заң талаптарын сақтау қажет. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссарлар» жұмысын ашып, комиссармен, қылмыстық пен әкімшілік жауапқа тартылмаған әрбір азамат бола алады. Өз баяндамасында «Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиаорталықтың» келесі жылда атқарылатын жұмысын айқындап берді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын профилактикалық пен алдын-алу мақсатында және Әдеп кодексін талаптарын сақтау бойынша әңгімелесулер өткізілді.
Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиаорталық» Республикалық қоғамдық бірлестігімен әртүрлі жасаған бұзушылықтар үшін еліміздің мемлекеттік қызметкерлерін тәртіптік және қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы бейнефильм көрсетілді.
Жиналыстың қорытындысы бойынша Семей қ. бойынша МКБ басшысы К.Ш. Мухаметкалиев қатысқандарға алғысын айтып, барлық мемлекеттік қызметкерлерден сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын сақтауын талап етіп, жұмыста сәттілік тіледі.
Шығыс Қазақстан облысы
бойынша Мемлекеттік кірістер
департаментінің қызметтік тергеу
бөлімі