
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі мен сыбайлас-жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтау туралы» атты тақырыпта Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде семинар-жиналыс
ПРЕСС – РЕЛИЗ
2019 жылдың 26 қарашада Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде (бұдан әрі-ШҚО бойынша МКД) «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі мен сыбайлас-жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтау туралы» атты тақырыпта ШҚО бойынша МКД басшысының орынбасары- ШҚО бойынша МКД Әдеп жөніндегі уәкіл Е.М. Татубаевтың төрағалығымен семинар-жиналыс өткізілді.
Семинар-жиналысқа қатысқандар:
- «Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиаорталық» Республикалық қоғамдық бірлестіктің төрағасының орынбасары Р.Е. Асылбеков;
- Шығыс Қазақстан облысының Мемлекеттік қызмет істері бойынша Департаментінің Әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі, «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Республикалық ұйымының Шығыс Қазақстан облысы бойынша директоры Ж.Н. Манаков;
- Шығыс Қазақстан облысының Мемлекеттік қызмет істері бойынша Департаментінің бас маманы Б.Н. Кенчимбаев;
- ШҚО бойынша МКД Адами ресурстары басқармасы қызметтік тергеу бөлімінің басшысы Ж.К. Шамшина.
Жиналысты ШҚО бойынша МКД басшысының орынбасары-ШҚО бойынша МКД Әдеп жөніндегі уәкіл Е.М. Татубаев ашып, жиналғандарды қошеметтеп, жиналыстың қатысушыларын таныстырып, күн тәртібін жеткізді, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мен «Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиаорталық» Республикалық қоғамдық бірлестік арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қолы қойылған.
Меморандумның мақсаты жемқорлықты алды-алу мен күрес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда мемлекет, бизнес және азаматтық қоғам институттары арасындағы серіктестікті одан әрі нығайту.
Одан әрі Шығыс Қазақстан облысының Мемлекеттік қызмет істері бойынша Департаментінің Әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі, «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Республикалық ұйымының Шығыс Қазақстан облысы бойынша директоры Жомарт Нуканұлы Манаковқа сөз берілді. Өз сөзінде 2019 жылдың 9 айы бойынша Әдеп жөніндегі кеңестің 6 отырысы өтіп, 16 тәртіптік істер қаралды. Тиімді профилактикалық жұмысының арқасында 2018 жылда және 2019 жылдың ағымдағы кезеңінде ШҚО бойынша мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметкерлеріне қарсы тәртіптік істер болған жоқ. Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі жұмысы туралы басқа да статистикалық көрсеткіштер көрсетіліп, Әдеп кодексінің және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңын сақтау туралы айтылды.
Одан әрі ШҚО бойынша МКД Адами ресурстары басқармасы қызметтік тергеу бөлімінің басшысы Жанар Кабдыкадыровна Шамшина баяндамамен сөз алды. Өз баяндамасында әдеп жөніндегі уәкіл ретінде жұмыстағы негізгі бағыттарын Әдеп кодексін сақтау мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын-алу туралы жұмысын көрсетті. 2019 жылдың ағымдағы кезеңінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін мемлекеттік қызметкерлер тәртіптік жауапқа тартылған жоқ. Мемлекеттік қызмет туралы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңдарында көрсетілген мемлекеттік қызметкерлерге сыйлықтар беруіне тыйым салынғаны туралы және осы бұзушылықты жасағаны үшін жауапкершілігі туралы айтып берді.
Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиаорталық» Республикалық қоғамдық бірлестігімен әртүрлі жасаған бұзушылықтар үшін еліміздің мемлекеттік қызметкерлерін тәртіптік және қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы бейнефильм көрсетілді.
Одан әрі «Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиаорталық» Республикалық қоғамдық бірлестіктің төрағаның орынбасары Руслан Еслямбекұлы Асылбеков сөз кезегін алды. Өз сөзінде «Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиаорталық» Республикалық қоғамдық бірлестіктің жұмысында тоқталып, медиа орталықтың бас мақсатының бірі халықтың құқық сауатылығын көтеру, алдымен барлық азаматтарға: мемлекеттік қызметкерлерге де және кәсіпкерлерге де Қазақстан Республикасының заң талаптарын сақтау қажет. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссарлар» жұмысын ашып, комиссармен өз қаланың, облыстың, елдің тағдырына немқұрайлы қарамау болса, қылмыстық пен әкімшілік жауапқа тартылмаған әрбір азамат бола алады. Өз баяндамасында «Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиаорталықтың» келесі жылда атқарылатын жұмысын айқындап берді.
Жиналыстың қорытындысы бойынша ШҚО бойынша МКД басшысының орынбасары-ШҚО бойынша МКД Әдеп жөніндегі уәкіл Е.М. Татубаев қатысқандарға алғысын айтып, ШҚО бойынша МКД барлық мемлекеттік қызметкерлерден сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын сақтауын талап етіп, жұмыста сәттілік тіледі.
Шығыс Қазақстан облысы
бойынша Мемлекеттік кірістер
департаментінің қызметтік тергеу
бөлімі