Date of publication: 27.11.2019 12:28
Date of changing: 27.11.2019 12:41

Тауарларды есепке алу жүйелеріне қойылатын талаптар

 

"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 436-бабы 2-тармағына, 517-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, 532-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес:

1) Тауарларды есепке алу жүйесіне қойылатын талаптар;

2) Тауарларды есепке алу жүйесінің бар болуына тексеру өткізудің және тауарлардың есепке алуын жүргізу қағидалары бекітілді.

Мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылған мәліметтерді шаруашылық операцияларды жүргізу туралы мәліметтермен салыстыруға мүмкіндік беретін еркін қойма иелері тізіліміне енгізілуге үміткер тұлғалардың тауарларды есепке алу жүйесі мынадай талаптарға жауап береді:

1) тауарлардың бухгалтерлік және салықтық есепке алуын жүргізуді көздейді;

2) бухгалтерлік есепке алу шоттарының бөлігінде тауарлардың сандық және құндық көріністегі есепке алуын көрсетеді.

Мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылған мәліметтерді шаруашылық операцияларды жүргізу туралы мәліметтермен салыстыруға мүмкіндік беретін және мемлекеттік кірістер органдарына рұқсатты қамтамасыз ететін (соның ішінде қашықтықтан) уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізілуге үміткер тұлғалардың тауарларды есепке алу жүйесі мынадай талаптарға жауап береді:

1) пайдаланушының іс-әрекетін логиндеуді қамтамасыз ететін тауарларды есепке алу жүйесі ақпараттық жүйеде жүргізіледі;

2) тауарлардың бухгалтерлік және салықтық есепке алуын жүргізуді көздейді;

3) бухгалтерлік есепке алу шоттарының бөлігінде тауарлардың сандық және құндық көріністегі есепке алуын көрсетеді;

4) мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдарына қашықтан қол жеткізуді мына тәсілдердің бірімен:

Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасымен бекітілген талаптарға сәйкес келетін мемлекеттік кірістер органдары ақпараттық жүйесімен біріктірілген өзара іс-қимылды қолданумен;

логинді және паролді және (немесе) электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланумен WEB-интерфейсі арқылы қамтамасыз ету.

Күшін жойған талаптарға тек келесілер жазылды:

Мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылған мәліметтерді шаруашылық операцияларды жүргізу туралы мәліметтермен салыстыруға мүмкіндік беретін және мемлекеттік кірістер органдарына рұқсатты қамтамасыз ететін (соның ішінде қашықтықтан) уәкілетті экономикалық операторлар және  еркін қойма иелері тізіліміне енгізілуге үміткер тұлғалардың тауарларды есепке алу жүйесі мынадай талаптарға жауап береді:

1) тауарлардың бухгалтерлік және салықтық есепке алуын жүргізуді көздейді;

2) бухгалтерлік есепке алу шоттарының бөлігінде тауарлардың сандық және құндық көріністегі есепке алуын көрсетеді.

Тауарларды есепке алу жүйесінің бар болуын тексеруді өткізу және тауарларды есепке алуды жүргізу тәртібі уәкілетті экономикалық операторлар және  еркін қойма иелері тізіліміне енгізілуге үміткер тұлғалардың тауарларды есепке алу жүйесінің барлығы тексеруді жүргізу, сондай-ақ кедендік рәсімдермен орналастырылған тауарларға иеленетін және (немесе) пайдаланатын тұлғаларға қатысты есепке алуды жүргізу тәртібін белгілейді.          

Осы Тәртіппен:

тауарларды есепке алу жүйесінің болуын тексеру,

тауарлардың есепке алуды тексеруді жүргізу тәртібі белгіленді.

"Тауарларды есепке алу жүйелеріне қойылатын талаптарды, тауарларды есепке алу жүйесінің бар болуына тексеру өткізудің және тауарлардың есепке алуын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 368 бұйрығының күші жойылды деп танылды.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 20 қыркүйектегі № 1030 бұйрығын қараңыз (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі-07.10.2019ж.).