
«Мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл»
Сыбайлас жемқорлық біздің мемлекетіміздің қазіргі даму кезеңіндегі қоғамның аса қауіпті дерті болып табылады. Сыбайлас жемқорлықтын күшею және тамырлануы мемлекеттің одан әрі дамуына мүмкін еместігіне алып келеді, ашық экономика құруға кедергі жасайды, мемлекеттің барлық жүйелері мен органдарының дамуына теріс әсер етеді.
2019 жылғы 19 тамызда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасымен кездесуі барысында:
- мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының бағынысындағы сыбайлас жемқорлық үшін орнынан кету институтын енгізудің маңыздылығы туралы;
- нормативтік-құқықтық актілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасын қалпына келтіру;
- заңсыз байытқаны үшін жауапкершілік;
- мемлекеттік қызметшілердің кірістер мен шығыстар туралы декларацияларды жариялауы туралы мәлімдеген.
Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және күреске ерекше көңіл бөлінеді.
Сыбайлас жемқорлық экономиканың барлық салаларында, халық шаруашылығы салаларында орын алған, көлеңкелі экономиканың өсуіне алып келеді және салық төлеуден жалтарумен тығыз байланысты.
Осыған байланысты, Мемлекеттік кірістер органдарының алдында тұрған негізгі және маңызды міндеттер салық түсімдерін 2025 жылы ЖІӨ-ге 25% - ға дейін ұлғайту және көлеңкелі экономиканы 2021 жылға қарай ЖІӨ-ге 40% - ға қысқарту болып табылады.
Бұл ретте басты міндет бюджетке түсетін кірістер бойынша жоспарды толық көлемде сапалы орындау болып қалады.
Салық және бюджетке төленетін төлемдерді алу, салықтық және кедендік әкімшілендіруді жүргізу кезіндегі мемлекеттік кірістер органдарының қызметі жеке және заңды тұлғалармен тығыз байланыста болады.
Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларының салық төлеушілермен бірнеше мәрте, негізсіз өзара іс-қимылын болдырмау мақсатында салық және кеден жүйелерін цифрлік форматқа көшіру бойынша жұмыс жүргізілуде.
«Астана-1», «Е-терезе», «электрондық шот-фактуралар», «ҚҚС-Blokchain», «тауарларды таңбалау» модулі, онлайн-БКМ, «Виртуалды қойма» ақпараттық жүйелерін одан әрі енгізу және дамыту жалғасуда.
Атап айтқанда, салық төлеушілердің онлайн-БКМ қолдануы мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларының салық төлеушілермен ықтимал физикалық байланыстарын барынша қысқартады.
Цифрлік құралдарды пайдаланудың арқасында бизнеске үлкен жүктеме қысқарады, мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің салық төлеушілермен физикалық байланысы азаяды, негізсіз тексерулер төмендейді.
Жақын болашақта Президенттің мемлекеттік қызметшілердің табыстарын ғана емес, сондай-ақ шығыстарын бақылау туралы бастамасын енгізуімен мемлекеттік қызметшілердің шығыстарына бақылау күшейтілетін болады, мемлекеттік қызметшілердің заңсыз қаржы қаражатына сатып алуы анықталатын болады, бұл да сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысына оң әсерін тигізеді.
ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті туралы айта келе, 2019 жылдың 9 айында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған 327 іс-шара өткізілді, оның ішінде (семинарлар, дөңгелек үстелдер, БАҚ-та сөз сөйлеу).
ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, Әдеп кодексін талаптарын сақтау мәселелері тұрақты бақылауда.
Мемлекеттік қызметшілердің өздерінің күш-жігері сыбайлас жемқорлықтың негізгі себептері мен көріністерін жою үшін жеткіліксіз, осыған байланысты қоғам, азаматтар құзыретті органдарға сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарын жасау фактісі туралы хабарлауы тиіс, өйткені бұзушылықтарды әрдайым анықтауға болмайды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар көбінесе жасырын түрде жасалады.
«Мүлдем төзбеушілік» қағидаттарын мемлекеттік қызметшілерге ғана емес барлық азаматтарға енгізу қажет, сол кезде біздің қоғамымыз, азаматтар елдегі сыбайлас жемқорлықты жеңе алады.
ШҚО бойынша МКД мемлекеттік қызметшілері жағынан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзу фактілерімен соқтығысқан жағдайда сіз сенім телефонына хабарласа аласыз: 8/7232/70-10-48.
С.С. Бимагамбетов
Шығыс Қазақстан облысы
бойынша Мемлекеттік кірістер
департаментінің басшысы