
Жалпыға бірдей декларациялау
Ағымдағы жылдың 03 шілдесінде жалпыға бірдей декларациялауды енгізуді 2020 жылғы 1 қаңтардан 2021 жылғы 1 қаңтарға ауыстыруды және бұдан әрі кезең-кезеңімен көшуді көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (№262-VI ҚРЗ) Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
Бірінші кезеңде – 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациалау шеңберіндегі декларацияны:
жауапты мемлекеттік лауазымдағы адамдар мен олардың жұбайы (зайыбы);
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайы (зайыбы);
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайы (зайыбы);
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларация ұсыну жөніндегі міндет жүктелген адамдар болып табылатын жеке тұлғалар тапсырады.
Екінші кезеңде – 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлері мен олардың жұбайы (зайыбы), сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері мен олардың жұбайы (зайыбы) болып табылатын жеке тұлғалар тапсырады.
Үшінші кезеңде – 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайы, дара кәсіпкерлер және олардың жұбайы тапсырады.
Төртінші кезеңде – 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтардың қалған санаттары декларация тапсырады.
Бүгінгі күні мемлекеттік кірістер органдарымен жалпыға бірдей декларациялауға дайындау бойынша ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларациясы (250.00-ші нысанды декларация) оңтайландырылды, халықтың оқуға, оның ішінде балаларды қоса алғанда, медициналық қызметке ақы төлеуге, банктік несиелері бойынша сыйақы төлеуге арналған шығыстарын шегерімге жатқызуға мүмкіндіктер берілді, қолма-қол ақшаның, сондай-ақ дебиторлық және кредиторлық берешектердің және декларациядағы басқа да активтердің құнын көрсету шегі ұлғайтылды.
Еgov.kz "Электрондық үкімет" порталында жеке тұлғаның мүлкі туралы мәліметтерді салық декларациясында автоматты түрде толтыру функционалы әзірленді.
Бұдан басқа, азаматтардың декларацияларды ұсынуы үшін «Жалпыға бірдей декларациялау» мобильді клиенттік қосымшасын іске асыру бойынша шаралар қабылдануда, және де, декларацияны электронды түрде ұсынған жағдайда, пайдаланушының авторизациясы СМС-хабарлама арқылы жүзеге асырылатын болады.
2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірінші кезекте мемлекеттік қызметкерлер (зайыбы), сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғалардан (зайбы) бастап декларациялауды бастау жоспарланғандығын ескере отырып, Сіздерден әрі қарай ауыртпалықсыз декларациялау үдерісіне өту үшін Еgov.kz "Электрондық үкімет" сервисін пайдалана отырып 250.00-ші нысанды салықтық декларацияны байқау түрінде жүзеге асыруды ұсынамыз.
Декларацияны толтыру бойынша сұрақтар, сондай-ақ толтыру кезінде туындаған сұрақтар немесе қателерді мемлекеттік қызметкердің тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына жолдауға болады.