Date of publication: 26.11.2019 14:00
Date of changing: 26.11.2019 14:02

Қосарланған салық салуды болдырмау мақсатындағы көрсетілетін қызмет сапасы

 

Резидент Қазақстан Республикасы (бұдан әрі - ҚР) халықаралық шарт жасасқан шет мемлекетте қызметін жүзеге асырған жағдайда, тиісті халықаралық шарттың талаптарын орындаған кезде резидент көрсетілген мемлекетте осындай халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқылы.

Халықаралық шартты қолдану мақсатында, сондай-ақ өзге де мақсаттарда тұлға Қазақстан Республикасының резиденттігін растау үшін, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, осындай тұлға тұрған, болатын (тұрғылықты) жері бойынша тіркелген салық органына қатысты жоғары тұрған болып табылатын салық органына резиденттікті растауға арналған салықтық өтінішті ұсынады.

Егер тұлға уәкілетті органға сатылы түрде тікелей бағынатын салық органында тұрған, болатын (тұрғылықты) жері бойынша тіркелген болса, резиденттікті растауға арналған салықтық өтініш осындай салық органына ұсынылады.

Талаптық құжаттар тізімі:

  1. Салықтық резиденттікті растауға арналған салықтық өтініш (2 данасы қажет, ҚР ҚМ МКК сайтынан келесі нұсқамадан басып шығарылады: www.kgd.gov.kz.- ҚР заңнамасы – нормативтік құқықтық актілер-салықтық өтініштер);
  2. өзінің тиімді басқару орнының Қазақстан Республикасында болуы негізінде резидент болып табылатын шетелдік заңды тұлға – заңды тұлғаны тиімді басқару орнының (нақты басқару органы тұрған жер) Қазақстан Республикасында болуын растайтын құжаттың (өткізілген орны көрсетіле отырып, директорлар кеңесінің немесе соған ұқсас органның жалпы жиналысы хаттамасының немесе негізгі басқару және (немесе) бақылау, сондай-ақ заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүргізуі үшін қажетті стратегиялық коммерциялық шешімдер қабылдау орнын растайтын өзге де құжаттардың) нотариат куәландырған көшірмесін;

1) резидент болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматы – жеке куәлігінің немесе Қазақстан Республикасы паспортының көшірмесін;

2) резиденттер болып табылатын шетелдік және азаматтығы жоқ адам мыналардың:

- шетел паспортының немесе азаматтығы жоқ адам куәлігінің;

- Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаттың (ол болған кезде);

- Қазақстан Республикасында болу кезеңін растайтын құжаттың (визаның немесе өзге де құжаттардың) нотариат куәландырған көшiрмелерiн ұсынуға мiндеттi.

Резиденттікті растауға арналған салықтық өтінішті қарау қорытындылары бойынша салық органы оны ұсынған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде:

1) тұлғаға уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша оның резиденттігін растайтын құжатты береді немесе шет мемлекеттің құзыретті органы белгіленген нысан бойынша оның резиденттігін растайды.

Резиденттікті растайтын құжат электрондық құжат нысанында берілген жағдайда, осындай құжатты уәкілетті органның интернет-ресурсына  орналастыру күні беру күні болып табылады;

2) тұлғаның резиденттігін растаудан бас тарту туралы негізделген шешім шығарады.

Тұлғаның резиденттігін растаудан бас тарту Салық Кодекстің
217-бабында белгіленген шарттарға сәйкес келмеген жағдайда жүргізіледі.

Тұлғаның резиденттігі осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде, резиденттікті растауға арналған салықтық өтініште көрсетілген әрбір күнтізбелік жыл үшін расталады.

Резиденттікті растайтын құжат жоғалған жағдайда, осындай құжатты берген салық органы резиденттің өтініші ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның төлнұсқасын береді.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде салық резиденттігін растауды алу бойынша өтінішті толтыру кезінде практикалық көмек көзбе-көз, сонымен қатар телефон арқылы көрсетіледі. 

 

ШҚО бойыншаМемлекеттік кірістер департаменті