
Электронды түрде «электрондық үкімет» веб порталы арқылы
«Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұл мен айыппұлдарды есепке жатқызу және қайтару» қызметтерін алу артықшылықтары.
Электрондық үкімет туралы немесе «Салық төлеушінің Кабинеті» веб қосымшасы туралы естігендердің бәрі, шынымен де Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алуда оның көптеген артықшылықтары бар ма, деген ойға келеді. Жеке артықшылықтарға тоқталайық:
- тәулік бойы қол жетімді, яғни тәуліктің кез келген уақытында өтінім беру, мереке және демалыс күндері;
- қызметті сіз үшін ыңғайлы кез келген жерден алу, интернет аркылы, электронды құрылғыны (компьютер, планшет, ұялы телефон) қолдана отырып;
- оперативті ақпарат;
- жазбаша растауды күту қажет емес;
- жұмыс уақытын үнемдеу, кезекте болудың қажеті жоқ;
- қолдау қызметтері бар;
- жемқорлықтың болмауы, себебі салықтөлеушілер салық органына тікелей жүгінбейді;
- салықтық өтінішті толтыру кезінде қателіктер жіберу мүмкін еместігі.
«Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұл мен айыппұлдарды есепке жатқызу және қайтару» мемлекеттік қызметті Сіз қағаз түрінде және электронды түрде бере аласыз. Бірақ, электрондық түрде алынған қызмет бұл процедураны жеңілдетеді және тездетеді. Есепке алу/қайтару туралы сіздің өтінішіңіз мемлекеттік кірістер органдарына түскен күннен бастап он еңбек күн аралығында орындалады. Салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша артық төленген сомалар бюджетке берешек жоқ болған жағдайда қайтарылады.
Мемелекеттік қызметерді алу және ұсыну тәртібі (стандарттар, ережелер, жадынамалар) туралы ақпарат мемлекеттік кірістер Комитетінің интернет-ресурсында: www.kgd.gov.kz және Шығыс Қазақстан облысы бойынша МКД сайтында: http://salykvko.gov.kz/ орналасқан.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығы 1414 нөміріне хабарласу арқылы алуға болады.