
ЕАЭО мүше мемлекеттер аумағына тауарлардың экспорты
2015 жылдың 16 қазанынан бастап Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардың айналысының кейбір мәселелері туралы хаттаманың (бұдан әрі - Хаттама) 4 баптың 3 тармағына сәйкес Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына (бұдан әрі - ДСО) қосылуына байланыста, басқа да ЕАЭО мүше мемлекеттер аумағына баждардың төмендетілген стакалары қолдаңылған тауарлардың шықпауынын алдын алу үшін қажетті шараларды қабылдауына қамтамасыз етеді.
Хаттаманың ережелерін іске асыру мақсатында 2015 жылдың 9 желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің бұйрығымен бекітілген ЕАЭО мүше мемлекеттердің өзара трансшекаралық саудасы шеңберінде жекелеген тауарларды, оларды өткізу кезінде есепке алу жүйесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығы әзірленген (бұдан әрі - Нұсқаулық).
Нұсқаулыққа сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (бұдан әрі - ЕАЭО СЭҚ ТН) коды және баждардың төмендетілген ставкілері, сондай-ақ осындай ставкілердің мөлшері қолданылатын, атауы Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін Тізбеге енгізілген тауарларды өткізу кезінде оларды есепке алу жүйесін жүзеге асыруы жүргізіледі.
Есепке алу мынадай:
Тізбеге енгізілген, үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген;
ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген ЕАЭО мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген;
ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген Қазақстан Республикасының аумағында шығарылған бойынша жүзеге асырылады.
Жоғарыда көрсетілген тауарларды шығару кезінде, 09.02.2015 жылғы №77 Қазақстан Республикасы Қаржы Министрімен құрылған тәртіппен салық төлеуші электрондық шот-фактураларды айналымнан ертерек емес және сату айналымнан жиырма күнтізбелік күннен кейін кеш емес жазып беруі тиіс.
Салық төлеуші мемлекеттік кірістер органына тауарға ілеспе құжат ретінде ЭШФ, тауарлардың жеке декларациясының, тауарлардың әкелу және жанама салықтарды төлеу жөніндегі өтініштердің даналарын СТ-1 нысанындағы тауардың шығарылған жері туралы сертификаттың түпнұсқасын растау үшін өтініш тапсырады. Өтініш, нұсқаның №1 қосымшасына сәйкес, құжаттардың көрсетілген көшірмелерімен қоса тапсырылады.
Мемлекеттік кірістер органы (бұдан әрі - МКО) тапсырылған өтініш негізінде камералдық бақылау жүргізеді. Сонын нәтижесінде, өтініш тапсырған келер күннен бір күнтізбелік күн кешіктірмей, тапсырылған құжаттардың даналарын растайды немесе нұсқаның №2 қосымшасына сәйкес растаудан бас тартады. Осылайша, ЕАЭО мүше мемлекеттеріне Тізбеге енгізілген тауарларды экспорттауды іске асыру үшін, тауарлар уәкілетті органның мөрімен расталған ілеспе құжаттары ілесу қажет.
Атап өту керек, мемлекеттік кірістер органның мөрімен расталған ілеспе құжаттарының болмауы үшін, ҚР ЭҚБК 280-1 бабының 5 тармағына сәйкес 50 АЕК мөлшерінде айппұл қарастырылады. Әкімшілік әрекет салынғаннан кейін бір жылдың ішінде қайталанған жағдайда, ҚР ЭҚБК 280-1 бабының 6 тармағына сәйкес 100 АЕК мөлшерінде айппұл қарастырылады.
Осыған байланысты, әкімшілік шараларын болдырмау үшін, салық төлеушілерді тауарларды экспорты кезінде ілеспе құжаттарды растауын жүзеге асыруға шақырамыз.