Date of publication: 22.11.2019 11:16
Date of changing: 22.11.2019 11:35

Алкоголь өнімдерін сақтау және бөлшек немесе көтерме сатуға арналған лицензияны пайдаланғандығы үшін төлемақы және лицензиялық алым

 

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2018 жылдан бастап алкоголь өнімдерін сақтау және көтерме (бөлшек) сату бойынша қызмет түрін лицензиялауға қатысты ҚР Салық кодексіне лицензияға жыл сайынғы төлемақы бойынша өзгерістер енгізілгендігін хабарлайды.

Төлеу мерзімі ағымдағы жылдың 20 шілдесіне дейін болған алкоголь өнімдерін сақтау және бөлшек (көтерме) сатуға арналған жыл сайынғы лицензиялық алым, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға арналған лицензияны пайдаланғандығы үшін ағымдағы жылғы 25 наурыздан, 25 маусымнан, 25 қыркүйектен және 25 желтоқсаннан кешіктірмей тең үлестермен жыл сайын төленетін төлемақыға ауыстырылды.

Сонымен қатар, алкоголь өнімдерін сақтау және бөлшек сатуға арналған лицензияны пайдаланғандығы үшін төлемақы лицензиялық алым облыстық маңызы  бар қалаларда 100 АЕК-ден 60 АЕК-ке, аудандық маңызы бар қалалар мен кенттерде 70 АЕК-тен 60-АЕК-ке, ауылдық елді мекендерде 30АЕК-тен 20-АЕК-ке төмендетілді.

Сонымен бірге, 2018 жылдан бастап Салық кодексінде лицензияның әрекет ету кезеңі көзделген, мысалы, егер есепті салықтық кезеңде лицензияны пайдалану кезеңі бір жылдан аз болса, төлемақы сомасы бір жылға есептелген төлемақы сомасын он екіге бөлу және бір жылда лицензия пайдаланылған (толық немесе толық емес) айлардың тиісті санына көбейту жолымен айқындалады.

Бұл ретте лицензияны алу кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға лицензияны пайдалану үшін төлемақы төлеу жөніндегі міндеттеме лицензия алған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдан бастап туындайды.

Лицензияны алу кезінде лицензиат бір жолғы ретпен қызмет түрі мен нысанның аумақтық орналасуына байланысты лицензиялық алым төлейді.