
2019 жылдың 12 және 13 қарашада "Семей" кеден бекетінің қызметтік аймағына ҚХР-нан шаруашылық мақсатына арналған тауарлар келіп түскен. Тексеру кезінде инспекциялық тексеріп қарау кешенінен (ИТК) өткізгенде шекара бекетінде "Вольво" маркалы автокөлік құралдарынан тауарлардың мәліметтерін сканерлеу кезінде мәлімделген тауарға ілеспе құжаттарында алшақтық нәтижелері анықталды. Осы тауарларды тасымалдаушы Қазақстан Республикасында тіркелген ЖШС-тің бірі болып табылады. Бұл тауарлар Семей қаласындағы кеден қоймасына келіп түскен кезде "Семей" кеден бекетінің мамандарымен тексеру жүргізілді. Кедендік тексеріп қарау кезінде тауарлардың ілеспе құжаттарында көрсетілмеген тауарлар анықталды.
Транзиттік декларациядағы көрсетілген жалған мәліметтердің нәтижесінде, тауарларға қосымша есептелген кедендік төлемдер мен салықтардың мөлшері 2 028 926 теңгені құрады.